Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Инфляция 2018 жылғы қазанда  0,4% болды. Бұл бұрын күтілетін болжамнан көп төмен. Нәтижесінде, жылдық инфляция, яғни 12 айдағы инфляция 5,3%-ға дейін төмендеді. Бұл 2015 жылғы қазаннан жылдық инфляцияның ең төмен көрсеткіші. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Үкіметінің отырысында баяндама жасаған кезде айтып берді.

Ол қазандағы инфляцияның төмен көрсеткіштері ағымдағы жылдың соңында инфляцияның 5-7% нысаналы дәліздің төмен шегінде сақталу мүмкіндігін едәуір арттыратынын атап өтті.

«Қазақстан Ұлттық Банкі қазанда базалық мөлшерлемені 9%-дан 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі теңгемен активтерге сұранысты арттыруға және қолайлы ақша-кредит талаптарын сақтауға мүмкіндік береді», - деп хабарлады Д. Ақышев.

Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы валюта нарығында теңге бағамы жыл басынан бастап 12 қараша аралығында 12,7%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 374,47 теңгені құрады деп атап өтті. Олардың ішінде – АҚШ долларының нығаюы және АҚШ ФРЖ мөлшерлемесінің өсуі. Соның салдарынан – дамушы нарықтан капиталдың әкетілуі, Ресей рублінің әлсіреуі және теңге бағамының сыртқы жағдайларға тиісті өзгеруі.

«Қазақстан Ұлттық Банкі шектерді, дәлізді немесе басқа бағдарды белгілемей, өзгермелі айырбастау бағамы саясатын жүргізуін жалғастырады», - деді Д. Ақышев.

Ол Қазақстан Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері қазанның соңында алдын ала деректер бойынша 29,1 млрд АҚШ доллары, Ұлттық қордың активтері 56,5 млрд АҚШ доллары болғанын атап өтті Жалпы халықаралық резервтер 85,6 млрд АҚШ долларын құрады.

Д. Ақышев ағымдағы жылғы 9 айда депозиттер 0,8%-ға 17,6 трлн. теңгеге дейін өскенін айтты. «Ұлттық валютамен депозиттердің өсуі 1,1% болды. Шетел валютасымен депозиттер 0,5%-ға ұлғайды. Нәтижесінде, депозиттерді долларландыру қыркүйектің соңында 47,5% болды», - деді ол.

Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы 1 қазаннан бастап жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ең жоғары мөлшерлемелерді анықтау тәсілі өзгергенін еске салды. «Мөлшерлемелер салымның мерзімі және түрлері бойынша жіктеледі. Бұл салымдардың теңгеге одан әрі ауысуына қосымша серпін береді», - деп түсініктеме берді Д. Ақышев.

Сонымен қатар ол кредиттеу нарығы қалпына келуде екендігін атап өтті. Ағымдағы жылғы 9 айда жаңа кредиттер беру 25,8%-ға немесе 2 трлн теңгеге өсті. «Қайта құрылымдаудан өткен және лицензиядан айырылған банктердің кредит портфелін қоспағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсуі 7%-ға немесе 816,2 трлн теңгеге бағаланады. Кәсіпорындарға теңгемен кредиттер бойынша мөлшерлеме жыл басындағы 13,2%-дан 2018 жылғы қыркүйекте 12,2%-ға дейін төмендеді», - деп атап өтті Д. Ақышев.

Оның айтуынша, экономиканың басым секторлары үшін ұзақ мерзімді ресурстар беру міндеті шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі Үкіметпен және екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп жобаларды қаржыландыру механизмін әзірлеуді аяқтауда. Бұл бағыт 2019 жылы кредиттеудің қосымша өсуін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы сонымен бірге «7-20-25» бағдарламасын іске асыру туралы айтып берді. Атап айтқанда ол Бағдарлама 7 банк арқылы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.   8 қарашадағы жағдай бойынша банктер 35 млрд теңге сомаға 2900 өтінімді мақұлдады. «Ұлттық Банк халықпен белсенді түсіндіру жұмысын жүргізуде. Бағдарламаны іске асыру барысы тұрақты түрде республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жария етіледі. Сall-орталық тәулік бойы жұмыс істейді», - деді Д. Ақышев.

Д. Ақышев сөзін қорытындылай келе таяу уақытта Баспана компаниясының базасында «Алдын ала біліктілік» атты жобаның іске қосылатынын, оның Қазақстанның кез келген азаматына «7-20-25» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін онлайн режимде қашықтан өз мүмкіндігін бағалауға және банкте қарыз алу уақытын көп қысқартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz