Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Ұлттық Банкінің әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру туралы ақпаратты ұсынамыз.
- «7-20-25» Бағдарламасы бойынша:
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша қарыз алуға 52,6 млрд. теңге сомасына 4 443 өтініш қабылданды. Оның ішінде 35,1 млрд. теңге сомасына қарыз беруге 2 925 өтініш мақұлданды.
Бағдарламаның талаптарымен сілтеме бойынша танысуға болады.
- Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша:
Бағдарлама екі бөліктен тұрады.
1) Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.
Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық Банкі 130 млрд теңге бөлді.
2018 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде банктер 156,8 млрд теңге сомаға 25 278 қарызды мақұлдап, 134,9 млрд теңге сомаға 23 286 қарызды қайта қаржыландырды. Барлығы 234,0 млрд теңге сомаға 31 247 өтінім қабылданды.
Өңірлер мен банктер бойынша қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздар туралы ақпаратпен «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөлімінде танысуға болады.
2) Бағдарламаның екінші бөлігі Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді.
2018 жылғы 10 қарашадағы банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 34,3 млрд теңге сомаға 4 242 өтінімді мақұлдап, 21,5 млрд теңге сомаға 3 084 қарызды қайта қаржыландырды. Барлығы қарыз алу үшін 52,0 млрд теңге сомаға 5 069 өтінім қабылданды.
Валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2018 жылғы 30 желтоқсанда, қарыз алушының қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі - 2018 жылғы 15 желтоқсанда аяқталады. Қарыздың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш беру қажет.
Өңірлер мен банктер бойынша толығырақ ақпаратпен «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөлімінде танысуға болады.
Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының, екінші деңгейдегі банктердің Бағдарлама талаптарын түсіндіру бойынша халықпен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын қызметкерлерінің байланыс нөмірлері Қазақстан Ұлттық Банкінің сайтында орналастырылған. Байланыс нөмірлеріне мына сілтеме бойынша қолжеткізуге болады.
Сұрақтар туындаған кезде қарыз алушыларға Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктердің тиісті филиалдарына олардың аумақтық тиістілігіне қарай өтініш білдіруді ұсынамыз. Филиалдардың байланыс нөмірлеріне «Байланыс нөмірлері» бөлімінде қолжеткізуге болады. Бағдарламаның талаптарымен Ұлттық Банктің сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде танысуға болады.
Егер Сіздерде Бағдарламалар бойынша сұрақтар туындаса, Сізден:
- 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, "Көктем-3" шағын ауданы, 21-үй; e-mail: hq@nationalbank.kz мекенжайы бойынша ресми өтініш білдіру арқылы;
- Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдіру арқылы, Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары үшін Қазақстан Ұлттық Банкі тиісті филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмесіне олардың аумақтық тиістілігіне қарай өтініш білдіруді ұсынамыз;
- «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы арқылы Қазақстан Ұлттық Банкіне өтініш білдіруді сұраймыз.
Егер Сіздерде «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар туындаса, сондай-ақ «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-қа өтініш жасауды сұраймыз Сall-орталық + 7 (727) 227-20-25 тегін нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейді.