Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Қазақстан Ұлттық Банкі ресми интернет-ресурсында депутаттық сауалдарға жауаптар жариялау практикасын енгізеді.

Депутаттық сауалдарға жауаптарды жариялау Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің ашықтығын және айқындылығын арттыруға, сондай-ақ жұртшылықпен және қаржы нарығына қатысушылармен коммуникацияларды жақсартуға бағытталған.

Сіздердің назарларыңызға «7-20-25». Әрбір отбасы үшін баспана берудің жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бойынша депутаттық сауалға жауапты ұсынып отырмыз.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Д. Ақышевтың «7-20-25». Әрбір отбасы үшін баспана берудің жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бойынша депутаттық сауалға жауабы

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Д.Т. Ақышев «7-20-25». Әрбір отбасы үшін баспана берудің жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Б.М. Мәкеннің, Н.С. Сабильяновтың, М.А. Айсинаның, А.А. Құрманованың, М.М. Махамбетовтың депутаттық сауалына жауап берді:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Парламент Мәжілісінің депутаттарына «7-20-25». Әрбір отбасы үшін баспана берудің жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бойынша көтеріліп отырған мәселелері және оны жақсартуға бағытталған ұсыныстары үшін алғыс айтады.

Жағдайға жасалған мониторингке, бағдарламаға әлеуетті қатысушылармен жүргізілген жұмысқа, жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына, бағдарламаға қатысатын банктердің ақпаратына сәйкес 7-20-25 Бағдарламасын іске асыру кезінде туындайтын проблемалық мәселелер айқындалды. Барлық бағыттар бойынша Ұлттық Банк пен Үкіметтің бірлескен жұмысы жүргізілуде және біздің азаматтар үшін бағдарламаның тиімділігі мен қолайлығын арттыру үшін шаралар қабылдануда.

Дәстүрлі түрде, тұрғын үй саясатымен байланысты қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар (оның ішінде Нұрлы Жер), бір жағынан, халықтың тарапынан сұранысты ынталандыруға, ал екінші жағынан, жаңа тұрғын үйдің құрылысын жандандыруға бағдарланған, ол ел экономикасы үшін құрылыс саласының жағымды мультипликативтік нәтижесін қамтамасыз етеді және жұмыс орындарының ұлғаюына ықпал етеді. 7-20-25 Бағдарламасының бастапқы тұрғын үйге бағдарлануы да осы қажеттілікке байланысты.

Сіздер ұсынып отырған үлестік құрылыс сатысында тұрғын үйді сатып алуға қаражаты бар бір азаматтарға 7-20-25 Бағдарламасы бойынша тұрғын үйді сатып алатын басқа азаматтарға үйді қайта сату мүмкіндігін беретін тетікті енгізу әділ емес деп есептейміз, себебі мәмілені алыпсатарлық мақсатта жүзеге асыруы мүмкін азаматтардың белгілі тобы үшін анық артықшылықты жасайды. Сондықтан Ұлттық Банк бұл ұсынысты қолдамайды.

Болашақта, « құрылыс компанияларының көбінесе тұрғын үйді пайдалануға бергеннен кейін сату тетігін ынталандыру арқылы азаматтардың мүдделерін қорғау бойынша шаралар барынша тиімді деп есептейміз.

Сонымен қоса, Ұлттық Банк Бағдарламадан тыс «Баспана Хит» қосымша ипотекалық өнімді іске қосты, онда қайталама тұрғын үйді мына талаптармен сатып алуды кредиттеу көзделген: бастапқы жарна –тұрғын үй құнынан
20%-дан бастап, қарыз мерзімі – 15 жылға дейін, кредит бойынша мөлшерлеме жылдық 11,0%-ды құрайды (Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі және 1,75%). Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалалары үшін сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны25 млн теңгені, басқа өңірлер үшін – 15 млн теңгені құрайды.

Қосымша ипотекалық өнім бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруді жуық арада Бағдарламаға қатысушы банктер жүзеге асыратын болады».

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz