Жарияланымдар, есептер, сұхбаттар

 Жарияланымдар, есептер, сұхбаттар

Бұл туралы Ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеттің 2017 жылғы 28 қаңтарда өткен отырысының қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Д. Ақышев хабарлады. Оның ақпараты бойынша 2016 жылы теңгедегі депозиттер 3,3 трлн. теңгеге ( 66,4%-ға) өсті, шетел валютасындағы депозиттер 1,1 трлн. теңгеге (9,9%-ға) төмендеді.

Сонымен қатар, Ұлттық Банктің басшысы атап өткендей, депозиттердің құрылымы өзгерді. Мәселен, депозиттердің долларлану деңгейі 2016 жылғы қаңтардағы 70% ең жоғары деңгейден 2016 жылғы желтоқсанда 54,6%-ға дейін төмендеді. Заңды тұлғалардың теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттері іс жүзінде теңесті (шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 62,1%-дан 49,1%-ға дейін төмендеді). Жеке тұлғалардың салымдарында шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 62%-ға дейін төмендеді (ең жоғары 80% деңгей 2016 жылғы қаңтарда болды)..

Д.Ақышев Қазақстандағы долларсыздандыру нәтижелерін теңдесі жоқ деп атауға болады де атап өтті (бір ғана 2016 жыл ішінде 15,2 пайыздық тармаққа төмендеді). Ол сондай-ақ долларсыздандыру бойынша стастистиканы мысалға келтірді, оған сәйкес басқа елдер осындай өтуге көп жылдар жұмсады.

Техникалық комитет ҚР ҰБ-ның ұйымдық құрылымына кірмейтін алқалы органы болып табылады, оның негізгі функциясы Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы келісілген, жедел іс-қимылдарын айқындау болып табылады. Отырыстарда Ұлттық Банктің қаржы нарықтарындағы алдағы кезеңге арналған іс-қимылдары әзірленеді, ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің деңгейі айқындалады.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Инвестициялар саласындағы алаяқтық схемалар: алданып қалмаудың амалдары

Соңғы жылдары, жаппай цифрландыруға байланысты онлайн форматта инвестиция жасайтын адамдардың саны айтарлықтай өсті. Ісін жаңадан бастаған инвесторлар инвестициялар туралы ақпарат алу үшін әлеуметтік желілер мен трендтерге жиі жүгінеді.Әлеуметтік желілер инвесторлар үшін көптеген артықшылықтар бере алғанымен, алаяқтар үшін де көп мүмкіндіктер туғызады.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz