Жарияланымдар, есептер, сұхбаттар

Банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі 2016 жылы 12,8 трлн. теңгеге дейін 1,5%-ға ұлғайды. Осындай деректерді Ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеттің 2017 жылғы 28 қаңтарда Алматы қ. өткен отырысының қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Д. Ақышев атап өтті.

Д. Ақышев атап өткендей, шағын бизнесті 1 трлн. теңгеден астам немесе 3,1 трлн. теңгеге дейін 50,7%-ға ұлғайған белсенді кредиттеу олардың кредиттік портфельдегі үлесінің 24,1% ең жоғары мәнге дейін өсуіне (2016 жылғы желтоқсан) алып келді, яғни әрбір 4-ші теңгені банктер шағын кәсіпкерлікке берді. 2004 – 2016 жылдар арасындағы кезеңдегі 23,3% тарихи ең жоғары деңгей 2010 жылғы маусым-шілдеде көтерілді (үлес 3 жылда 2013 жылғы қарашадағы 11,2% тарихи ең жоғары деңгейден екі еседен астам өсті).

Сонымен қатар, Д. Ақышевтің хабарлауы бойынша, өңдеуші өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, саудадағы кредиттеу жанданды.

  Техникалық комитет ҚР ҰБ-ның ұйымдық құрылымына кірмейтін алқалы органы болып табылады, оның негізгі функциясы Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы келісілген, жедел іс-қимылдарын айқындау болып табылады. Отырыстарда Ұлттық Банктің қаржы нарықтарындағы алдағы кезеңге арналған іс-қимылдары әзірленеді, ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің деңгейі айқындалады.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Инвестициялар саласындағы алаяқтық схемалар: алданып қалмаудың амалдары

Соңғы жылдары, жаппай цифрландыруға байланысты онлайн форматта инвестиция жасайтын адамдардың саны айтарлықтай өсті. Ісін жаңадан бастаған инвесторлар инвестициялар туралы ақпарат алу үшін әлеуметтік желілер мен трендтерге жиі жүгінеді.Әлеуметтік желілер инвесторлар үшін көптеген артықшылықтар бере алғанымен, алаяқтар үшін де көп мүмкіндіктер туғызады.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz