Ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеттің 2017 жылғы 28 қаңтарда өткен отырысының қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Д. Ақышев атап өткендей теңгенің бағамы 2016 жылдың басында ғана айтарлықтай өзгерді. Оның құбылуы мұнай бағасының төмендеуіне, әсіресе 2016 жылғы қаңтарда төмендеуіне байланысты болды. Одан әрі теңге бағамының серпіні күрт құбылуды көрсеткен жоқ, ал 2016 жылы теңге АҚШ долларымен салыстырғанда 2%-ға нығайды.
Ұлттық Банктің басшысы сондай-ақ Ұлттық Банктің валюта нарығындағы өктемдігі бір жыл ішінде шетел валютасын сатып алу нысанда 2,9 млрд. АҚШ долларында барынша аз болды. Оның негізгі көлемі жылдың алғашқы айларына тиесілі болды.
«Жаз айларында Ұлттық Банктің валюталық сауда-саттықтарға қатысуы шамалы, ал қыркүйектен бастап біздің қатысуымыз нөлге тең болды. Бұл ретте тіпті 2016 жылдың басында біздің нарықтағы қатысуымыз шетел валютасындағы депозиттер мен басқа жинақ ақшаның ұлттық валютаға барынша ауысуы нәтижесінде шетел валютасына артық ұсынысқа байланысты болды», – деп атап өтті Д. Ақышев.
Техникалық комитет ҚР ҰБ-ның ұйымдық құрылымына кірмейтін алқалы органы болып табылады, оның негізгі функциясы Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы келісілген, жедел іс-қимылдарын айқындау болып табылады. Отырыстарда Ұлттық Банктің қаржы нарықтарындағы алдағы кезеңге арналған іс-қимылдары әзірленеді, ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің деңгейі айқындалады.