2017 жылғы 28 қаңтарда ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Д. Ақышев Ұлттық Банкте Ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеттің (бұдан әрі – Техникалық комитет) кезекті отырысын өткізді.
Іс-шараның барысында қаржы нарығындағы ахуалға, инфляцияның ағымдағы деңгейіне және оның жыл соңына дейінгі болжамдарына, депозиттерді долларсыздандыруға байланысты мәселелер талқыланды, сондай-ақ ҚР ҰБ-ның алдағы аптаға арналған шаралары айқындалды.
Техникалық комитеттің мақсаты Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы келісілген, жедел іс-қимылдарын айқындау болып табылады. Отырыстарда Ұлттық Банктің қаржы нарықтарындағы алдағы кезеңге арналған іс-қимылдары әзірленеді, ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің деңгейі айқындалады.
Техникалық комитетті Ұлттық Банктің Төрағасы басқарады, оның құрамына Төрағаның орынбасарлары, сондай-ақ ҚР ҰБ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді.
Техникалық комитеттің отырыстары аптасына бір рет, әдетте сенбі күндері өткізіледі.