Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

Банкноттың түпнұсқалығын анықтау оңай, – деп санайды ҚР Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы Тоғжан Әбішева. Ол «Сезін-қара-аударып көр» әдісі туралы айтып берді.

«Алдымен банкнотты сезіну қажет. Банкнот қағазы ерекше шытырлайды. Бұл банкнотты шығаруға жасалған арнайы қағаз. Барлық банкнотқа банкноттың өзіне бедер беретін арнайы мөр қойылған. Бұл – саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын шығыңқы жоғары бедерлі элементтер», – деді Т. Әбішева.

Содан соң, оның айтуынша, банкнотқа мұқият қарау қажет. «Алдымен қараған кездегі жалпы әсер қалыптастырылады: ақша белгісі таза, айқын, қарама-қарсы немесе лас емес пе, дақтары немесе аққан бояулары бар ма.     Банкнотты жарыққа тосып қараған кезде көп ақпарат алуға болады, бұл сутамғы белгілерге қатысты – ағымдағы серияда бұл мифтік танымдағы «Самұрық» құсы, номиналдың цифрлық бейнеленуі. Демек, ол жалған ақша белгілерінде болатын айғыздалған сурет емес, нақты бір сурет, – деп жалғастырды ол – Сол сияқты қағаздың бетінде жарыққа тосып қараған кезде жазуы бар тұтас жіп ретінде көрінетін, жазуы бар пунктирлер – тұтас магнитті және үзік-үзік (металл) жіпті көру қажет». 

Соңғы әдіс – «Аударып көр». «Банкноттарда түсі өзгеретін арнайы бояумен салынған бейнелер болады, банкноттарды аударған немесе көлбеу бұрышын өзгерткен кезде олардың түсі жасыл түстен алтындатылған түске дейін өзгереді. Әңгіме СПАРК элементі жайында болып отыр», – деп түсіндірді Ұлттық Банк өкілі.

Т. Әбішеваның айтуынша, «Сезін-қара-аударып көр» әдісі қарапайым адамның банкноттың түпнұсқалығын арнайы жабдықсыз анықтауы үшін жеткілікті болып табылады.

«Әрине, банкноттарда қорғаныш элементтері көп, бірақ «көзбен көріп» сараптамадан өткізу үшін жоғарыда аталған элементтерге көңіл аударудың өзі жеткілікті», – деп түсіндірді бұл әдісті ол.

Т. Әбішева Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу» 231-бабына сәйкес ақша қаражатын қолдан жасаумен байланысты қылмысты жасағаны үшін мүлкi тәркiленiп, он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделгенін еске салды.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Инвестициялар саласындағы алаяқтық схемалар: алданып қалмаудың амалдары

Соңғы жылдары, жаппай цифрландыруға байланысты онлайн форматта инвестиция жасайтын адамдардың саны айтарлықтай өсті. Ісін жаңадан бастаған инвесторлар инвестициялар туралы ақпарат алу үшін әлеуметтік желілер мен трендтерге жиі жүгінеді.Әлеуметтік желілер инвесторлар үшін көптеген артықшылықтар бере алғанымен, алаяқтар үшін де көп мүмкіндіктер туғызады.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz