Ақпараттық хабар

2016 жылғы желтоқсанда халықтың айырбастау пункттерінде қолма-қол АҚШ долларын нетто-сатып алу көлемі өткен аймен салыстырғанда 10%-ға төмендеп, 358,5 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2015 жылғы желтоқсандағы деңгейден (922,1 млн. АҚШ доллары) үш есе дерлік төмен. Бұл ретте теңгенің 2015 жылғы желтоқсандағы айырбастау бағамының деңгейін 2016 жылғы желтоқсандағы деңгеймен салыстыруға болады – тиісінше әр кезеңнің соңындағы есептен алғанда 1 АҚШ доллары үшін 340,01 және 333,29 теңге.

2016 жылы халықтың АҚШ долларын нетто-сатып алуы 1,4 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2015 жылғы көлемнен 5,7 есе дерлік төмен. Бұл деңгей 2001 жылдан бергі бақылау кезіндегі ең төмен жылдық мән болып табылады. Қолма-қол АҚШ долларына сұраныс сақталып отыр, алайда ол едәуір төмендеп кетті.

Осындай көрініс шетел валюталарының басқа да неғұрлым танымал түрлері бойынша байқалып отыр. Мәселен, 2016 жылы қолма-қол Ресей рублін нетто-сатып алу 88,1 млрд. рубльге дейін 2 есе қысқарды. Бұл ретте қолма-қол АҚШ доллары мен Ресей рублін нетто-сатып алудың теңгедегі баламасында көлемі іс жүзінде теңесті, ал 2015 жылы Америка валютасы Ресей валютасына қарағанда 2,7 есе танымал болды.

Еуропаның қолма-қол валютасын нетто-сатып алудың көлемі өткен жылы 373 млн. еуроға дейін 40%-ға жуық қысқарды. Еуроға сұраныс шектеулі болып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Инвестициялар саласындағы алаяқтық схемалар: алданып қалмаудың амалдары

Соңғы жылдары, жаппай цифрландыруға байланысты онлайн форматта инвестиция жасайтын адамдардың саны айтарлықтай өсті. Ісін жаңадан бастаған инвесторлар инвестициялар туралы ақпарат алу үшін әлеуметтік желілер мен трендтерге жиі жүгінеді.Әлеуметтік желілер инвесторлар үшін көптеген артықшылықтар бере алғанымен, алаяқтар үшін де көп мүмкіндіктер туғызады.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz