Ақпараттық хабар

2016 жылдың қорытындылары бойынша екінші деңгейдегі банктердегі депозиттердің долларландыру деңгейі (депозиттердің жалпы көлеміндегі шетел валютасындағы депозиттердің үлесі) 2016 жылғы қаңтардағы ең көп 69,9%-дан төмендей отырып, 54,6%-ды құрады. Заңды тұлғалардың депозиттерінің құрылымында төмендеу 62%-дан 49%-ға дейін, жеке тұлғалардікі 80%-дан 62%-ға дейін болды.

2016 жылы теңгедегі депозиттер 66,4%-ға немесе 3,3 трлн. теңгеге ұлғайды, ал шетел валютасындағы депозиттер 9,9%-ға немесе 1,1 трлн. теңгеге төмендеді.

Теңгедегі депозиттер көлемінің өсуіне ұлттық валютадағы жинақ ақшаның тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралар, сондай-ақ ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақтануы ықпал етті.

Долларсыздану шеңберіндегі барынша тиімді шара халықтың депозиттері бойынша мөлшерлемелердің ең көп деңгейін өзгерту болды. 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап Ұлттық Банк жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша ең көп ұсынылған мөлшерлемені 10%-дан 14%-ға дейін көтерді және шетел валютасындағы депозиттер бойынша 3%-дан 2%-ға дейін төмендетті.

2016 жылы АҚШ долларына қатысты теңгенің нығаюы 2,0%, еуроға қатысты – 5,1% болды,бұл шетел валютасындағы депозиттер бойынша ең көп мөлшерлемені шектеуді ескере отырып шетел валютасындағы жинақ ақшаның экономикалық орындылығын төмендетті.

Ұлттық Банктің саясаты одан әрі де ұлттық валютаның тартымдылығын арттыруға және теңгедегі құралдардың барынша жоғары кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Инвестициялар саласындағы алаяқтық схемалар: алданып қалмаудың амалдары

Соңғы жылдары, жаппай цифрландыруға байланысты онлайн форматта инвестиция жасайтын адамдардың саны айтарлықтай өсті. Ісін жаңадан бастаған инвесторлар инвестициялар туралы ақпарат алу үшін әлеуметтік желілер мен трендтерге жиі жүгінеді.Әлеуметтік желілер инвесторлар үшін көптеген артықшылықтар бере алғанымен, алаяқтар үшін де көп мүмкіндіктер туғызады.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz