Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасына енгізілген Қаржы саласындағы Ашық платформаларды (Open API) құру бөлігінде реттеуді енгізу» жобасы шеңберінде Ұлттық банк жұмыс тобымен алғашқы кездесуін өткізді, жұмыс тобының құрамына Ұлттық банктің және  екінші деңгейлі банктердің өкілдері кіреді.

Кездеудің мақсаты келесі  сұрақтарды талқылау болып табылды. Екінші деңгейлі банктер, банктердің клиенттері мен финтех-компаниялары сияқты нарықтың қатысушылары арасындағы ықпалдастықтың мүмкін болатын сызбалары және финтех-компаниялардың деректерді сақтауы жайлы сөз қозғалды.

Сондай-ақ, жұмыс тобының мүшелері Заңды тұлғалар үшін Open API арқылы төлемдерді бастау үшін қызметті жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар жұмыс тобының өкілдері ақпараттық қауіпсіздік, жіберілетін деректердің құрылымы және API – ді енгізуден туындауы мүмкін тәуекелдер жайында сөз қозғады. Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары мен финтех-компанияларының дамуын ынталандырады, қаржы нарығының қатысушылары мен қаржы компанияларымен өзара әрекеттесу рәсімдерін жеңілдетеді, қаржылық қызметтердің географиялық қолжетімділігін қамтамасыз етеді».

Соңғы жаңалықтар

Инвесторға арналған жадынама: шетелдік брокердің сенімділігін қалайша тексеруге болады

Инвестициялар пассивті кіріс алудың танымал құралдарының бірі ретінде қарастырылады. Инвестициялауға қатысты әртүрлі пікірлер бар: кейбіреулер оны күрделі деп санайды, өйткені тиімді мәмілелер жасасу тәжірибе мен білімді қажет етеді, басқалар брокерлер, қосымшалар арқылы жұмыс істеуге және активтер сатып алуға үгіттейді. 

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz