Ақпараттық хабар

2016 жылғы 1 желтоқсанда азаматтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі 6,6 трлн. теңгені құрады, оның 20,5%-ы – инвестициялық кіріс. Осындай ақпаратты «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша брифинг кезінде Кеңес Төрағасы Дина Ғалиева хабарлады.

 «2016 жылғы 11 айда ғана Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 156,1 млрд. теңге төленді, жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істей бастағаннан бері зейнетақы төлемдерінің көлемі 826,8 млрд. теңгені құрады. 2016 жылғы 1 желтоқсанда міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың саны 9,4 млн. адам болды. Азаматтардың зейнетақы жинақтарының орташа көлемі 674 мың теңгені құрайды. 2016 жылғы 11 айда БЖЗҚ-ға шамамен 500 млрд. теңге түсті», - деп хабарлады Д. Ғалиева.

«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы сондай-ақ Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған зейнетақы жүйесінің әртараптандырылғанын және зейнетақыны бірнеше көзден қалыптастыруды көздейтінін еске салды. «Бірінші кезекте, бұл зейнетақы жүйесінің ортақ компоненті, ол 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс стажы бар адамдарға ортақ зейнетақы және зейнеткерлердің барлық санаты үшін базалық зейнетақы алуға мүмкіндік берді. Екіншіден, қызметкердің 10%-дық міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылатын жинақтаушы компонент. Және де, 2018 жылдан бастап зейнетақының жинақтаушы бөлігі тағы да бір  шартты-жинақтаушы құрауышпен толықтырылады. Бұл бөлік жұмыс берушінің 5%-дық зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылады, ал осы компонент есебінен төлеу 2023 жылдан басталады», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz