Жарияланымдар, есептер, сұхбаттар

Қазинвестбанк лицензиясынан айырылғанға дейін «БЖЗҚ» АҚ-тың инвестицияланған зейнетақы активтерін салым  сомасынан 99,9% көлемінде  игеруді  жүзеге асырды. Бұл «Даму» КДҚ» АҚ-тың деректерімен расталды. Бұл жайлы  бүгін  БЖЗҚ-да өткен  БАҚ үшін  брифингте ҚР  Ұлттық Банкінің Монетарлық  операциялар департаменті директорының орынбасары Нұржан Тұрсынханов хабарлады.

«Қазинвестбанк» АҚ-тың инвестицияланған зейнетақы активтерін игеруі салым сомасынан 99,9%-ды құрайды. Іс жүзінде зейнетақы активтері толығымен кредиттер  түрінде шағын және орта бизнеске бағытталған. Осылайша, негізделген депозитке орналастырылған  қаражатты  Ұлттық Банк олардың  экономиканың  нақты секторына  бөлінуіне  байланысты ала алмайды, - деді Н. Тұрсынханов.  Оның айтуынша, салымның  игерілмеген бөлігі «уақтылы игерілмеген  салым сомасынан 1% мөлшерінде айыппұлды төлеумен қайта қайтарылды». Осыған байланысты, «Қазинвестбанк» АҚ-тан инвестицияланған зейнетақы активтерін алу  жүргізілген жоқ, деп  нақтылады қаржы  реттеушісінің  өкілі.

«Сонымен  қатар 2016 жылғы 21 қазанда Қазинвестбанк шарт  талаптарына сәйкес 226,2 млн. теңге сомасына сыйақыны төлеуді  жүзеге асырды», - деп толықтырды               Н. Тұрсынханов.

Ол сол сияқты зейнетақы активтерін «Қазинвестбанк» АҚ депозитіне инвестициялау ҚР Үкіметінің ҚР Президентінің қатысуымен өткен кеңейтілген отырысында 2016 жылғы 10 ақпанда қабылданған шешімге сәйкес шағын және орта бизнестің қажеттілігін негізделген қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылғандығын еске  салды. Банктік салым шартының  талаптарына  сәйкес орналастыру 3,5 жылдық  мерзімге  жүзеге асырылады, оның ішінде жарты жыл қаражатты игеруге беріледі, яғни Н. Тұрсынханов түсіндіргендей,  банктер  6 ай  ішінде кредиттер беруге тиіс, олай болмаған жағдайда, игерілмеген  қаражат мерзімінен  бұрын алынуы мүмкін, ал қалған 3 жыл кредиттеуге (берілетін кредит мерзімі) беріледі.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz