Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-тың Басқарма төрағасы Нұрбүбі Наурызбаева бүгін Алматы қаласында брифингте сөз сөйлеген кезде БЖЗҚ қызметінің айқын болуы мақсатында БАҚ-тың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, салымшылар және қаржы нарығының сарапшылары қатарынан Қоғамдық кеңесті құру туралы ұсынысты айтты. Н. Наурызбаева сондай-ақ БЖЗҚ жұмысын дамыту мен жақсарту үшін негізгі міндеттер туралы айтып берді.

 «Менің жұмысымдағы негізгі қағидаттар Қор салымшыларының және зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделеріне қамқорлық жасау және қорғау болады», - деп атап өтті ол. Оның айтуынша, бірінші кезектегі назар БЖЗҚ қызметінің барынша айқын болуына қол жеткізуге  аударылатын болады. «Қор салымшыларымен және зейнетақы төлемдерін алушылармен, Директорлар кеңесімен және қор Акционерімен орнықты тиімді ақпараттық және коммуникациялық арна реттелетін болады. Қордың операциялық және қаржы-шаруашылық қызметінің айқындылығын арттыру, зейнетақы активтерін басқару, БЖЗҚ меншікті қаражатын басқару бөлігінде ақпараттық жұмыс күшейтілетін болады. Мен Қор жанынан қоғамдық кеңес құруды, оның құрамына бұқаралық ақпарат құралдарының тәжірибелі өкілдерін, қаржы саласындағы сарапшыларды, Қор салымшыларын, зейнетақы төлемдерін алушыларды және қоғамдық ұйымдарды қосуды ұсынып отырмын», - деді ол.

Оның айтуынша, екінші маңызды міндет БЖЗҚ-ның ішкі жұмысын жақсарту болып табылады. «Міндеттерді іске асыру үшін қордың бизнес-процестерін қайта қарау талап етіледі. БЖЗҚ ішкі бақылау жүйесін күшейту жөнінде пәрменді шаралар қабылданады, тәуекелдерді басқарудың қолданыстағы жүйесі қайта қаралады», - деп хабарлады ол.

 «Үшінші бағыт – акционермен және Реттеушімен бірлесіп жинақтаушы зейнетақы жүйесін реформалау жұмысына қатысу. Адам үшін белгілі бір өмірлік маңызды қажеттіліктерге зейнетақы жинақтарының бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану (ең аз қажетті сома жинақталғаннан, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін және т.б.), салымшыға оның зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияны және/немесе басқару стратегиясын таңдау құқығын беру мүмкіндігі сияқты бастамалар талқыланады. Зейнетақы қорының және екінші деңгейдегі банктердің бірлескен жинақтаушы өнімдерін әзірлеу үшін әлемдік тәжірибе зерделенеді», - деп жалғастырды Н. Наурызбаева.

 «Осылайша, БЖЗҚ-дағы өз жұмысымды негізгі пайымдауым – қор қызметін жақсарту, халықтың сеніміне ие болатын, құрметті демалысқа шыққан кезде күтілетін зейнетақы жинақтарын алуға мүмкіндік беретін жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастыруға қатысу. Әрине, алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін белгілі бір уақыт қажет. Қор басқармасының және қызметкерлерінің күш-жігері ойластырылған нәтижелерді барынша жедел мерзімде қол жеткізуге бағытталатын болады», - деп қорытындылады ол.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz