Бұл іс-шара барысында Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының негізгі мәселелері қозғалды, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша болжамдар, қаржы реттеушісінің базалық мөлшерлеме бойынша шешімдері және т.б. туралы айтылды.
Ұлттық Банктің өкілдері базалық мөлшерлеме бойынша әрбір шешім ел экономикасы дамуының ағымдағы деңгейі тұрғысынан сараланған, негізделген болып табылатынын атап өтті.
ҚРҰБ Зерттеулер және статистика департаментінің директоры Виталий Тутушкин сарапшыларға реттеушінің базалық мөлшерлемені 12% деңгейінде сақтау бойынша шешімін түсіндірді. «Базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылданған макроэкономикалық ая оңтайлы болды. Негізгі салалардың даму үрдістерін сипаттайтын қысқамерзімді экономикалық индикатор қатарынан 6 ай бойы өсуде және 2016 жылғы қарашада жылдық көрсетуде 2,7%-ға өсті. 2016 жылғы 11 айда бұл көрсеткіштің жинақталған қорытындымен өсуі жылдық көрсетуде 0,5% болды, бұл жылдың бірінші жартысында байқалған құлдырау аймағынан шығуды растайды», – деп атап өтті ол.
ҚРҰБ өкілдері, тұтастай алғанда, 2016 жылы инфляциялық процестер жекелеген тауарларға бағаны мемлекеттік реттеудің күшін жою, көрші елдердегі бағалардың барынша жоғары деңгейі, әлемдік нарықтардағы жекелеген тауарлардың бағаларының артуы жағдайларында қалыптасты деп атап өтті. В. Тутушкиннің айтуынша, 2017 жылғы 1-тоқсанда осы факторлардың инфляциялық процестерге ықпалы төмендейтін болады және жылдық инфляция 2017 жылға белгіленген болжамдық дәліз (6-8%) шеңберіне оралады. «Сонымен қатар халықтың инфляциялық күтулерді бағалау бойынша пікіртерімдерінің нәтижелері ағымдағы жылғы 1-тоқсанда инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізу мүмкіндігін растайды. Халықтың инфляциялық күтулері төмендеуде», – деп хабарлады В. Тутушкин.
Ол «тауар және валюта нарықтарында ағымдағы жағдай сақталған кезде Ұлттық Банктің болжамы бойынша жылдық инфляцияның деңгейі 2017 жылы айтарлықтай төмендеуді көрсетпейді, бірақ бұл ретте 6-8% құрайтын нысаналы дәліздің ішінде болады», – деп толықтырды. «Ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты болады. Бағамның күнделікті ауытқуы қалыпты құбылмалылықпен сипатталды, – деп жалғастырды ҚРҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекова. Ол сол сияқты базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдау кезінде ескерілген елдегі теңгемен өтімділікке қатысты ахуал туралы айтып берді. Ә. Молдабекованың айтуынша, нарықта артық теңге өтімділігі сақталуда. Дағдарысты құбылыстардың туындауына және инфляциялық қысымды күшейтуге жол бермеу үшін Ұлттық Банк қысқамерзімді ноттарды шығара отырып, өтімділікті алады, деп хабарлады ол.
Қазақстанның сараптамалық қоғамдастықпен кездесу өткізу тәжірибесін ҚР Ұлттық Банкінің 2016 жылы енгізгенін атап өтеміз. Бұл іс-шара қаржы реттеушісінің нарықпен және жұртшылықпен белсенді коммуникациясы саясаты шеңберінде тұрақты негізде өткізіледі.