Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

 Мүлікті жария ету жөніндегі науқанның қолданылу кезеңінде 2014 жылғы 1 қыркүйек – 2016 жылғы 23 желтоқсан аралығында қазақстандықтар  4 трлн. 93 млрд. теңгені қалтарыстан шығарды, бұл ҚР ІЖӨ-ден 10%-ға балама. Мұндай деректерді Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев Үкімет мүшелері алдында сөз сөйлеген кезде келтірді.

«Бұдан басқа, қолма-қол ақша жарнасы және аударымдар арқылы шетелден 2,9 трлн. теңгеден астам ақша жария етілді, ал жиынтығында барлық жария етілген ақшаның 90%-ы (немесе 3 трлн. 681 млрд. теңге) шетел валютасымен, басым түрде АҚШ долларымен номинирленді», – деп хабарлады Д. Ақышев.

Ұлттық Банк басшысы «азаматтар жария етілген қаражатты кәсіпкерлік қызмет бойынша іскерлік айналымға белсенді түрде тартқандығын» атап өтті. Мәселен, Ұлттық Банктің деректері бойынша жария ету кезеңі ішінде Қазақстан Республикасында азаматтардың арнайы шоттарынан басқа банк шоттарына жария етілген ақшаның 56%-ы аударылды, ал  отандық банк жүйесінде айналыстағы жария етілген қаражаттың жиынтық көлемі 2 трлн. теңгеден астам құрады.

«Әкімшілік-аумақтық бөлген кезде ақшаға, сол сияқты арнайы шоттардың санына қатысты жария етуге бүкіл республика көлемінде  жиынтық үлесі 94,4% құрайтын Алматы қ., Астана қ., Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының халқы анағұрлым белсенді қатысты», – деді Д. Ақышев.

Жария ету жөніндегі науқанға 30 банк және Ұлттық почта операторы қатысты, олар жария ету субъектілеріне арнайы шоттар ашып, ақша қаражатын қабылдады.

Ұлттық Банк басшысы Министрлер кабинетінің өкілдеріне ақшаны жария ету жөніндегі науқанды өткізу шартты түрде 2 кезеңде өткізілгенін айтып берді.

«Бірінші кезеңнің талаптары (2014 жылғы 1 қыркүйектен  бастап  2015 жылғы 29 қарашаға дейін) айтарлықтай дәрежеде бюрократтандырылған, жария етілетін ақшаны ұзақ мерзімге алу  қажеттілігін, салықтық алымдарды төлеуді  көздеген және сондықтан Қазақстан азаматтары арасында  кеңінен  таралған жоқ. Нәтижесінде, 2014 жылғы 1 қыркүйектен  бастап  2015 жылғы 29 қарашаға дейін тек  181 арнайы  шот ашылды,  оған 84 млрд. теңгеге жуық сома  енгізілді», – деп атап өтті Д. Ақышев.

«Екінші кезең 2015 жылғы 29 қарашадан  бастап  заңнамалық  деңгейде  ақшаны  жария  етуге  деген  тәсілдерді түбегейлі  қайта  қараудан кейін, міндетті рәсімдер айтарлықтай жеңілдетілген соң ғана басталды, бұл халықты жүргізіліп  отырған науқанға белсенді  тартуға серпін берді. Атап айтқанда, ақшаны бес жыл бойы банктік  шоттарда тоқтатып қою және 10%-дық алым төлеу туралы  талаптар алып  тасталды. Сақтауға  және  конфиденциалдылыққа  абсолютті кепілдік  беру  түріндегі  құқықтық  жаңалықты енгізу  маңызды шара болып табылады, бұл жария ету  шеңберінде  мәліметтерді   үшінші  тұлғаларға  жария  ету  мен  беруге  100% тыйым салуды көздейді», – деді ҚРҰБ басшысы.

Нәтижесінде, жаңа талаптарды енгізу  жария ету бойынша науқаннан оң әсер берді. Мәселен, «жария етудің екінші кезеңі ішінде шоттар саны 64 есе ұлғайды және  11 640 шот болды, ал банк шоттары арқылы жария етілген ақша сомасы бірінші кезеңмен салыстырғанда 4 трлн. теңгеге жуық ұлғайды және  4 трлн. 93 млрд. теңгеге жетті», – деп қорытындылады Д. Ақышев.

2014 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын еске саламыз, оған сәйкес 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда мүлікті (ақшаны) жария ету басталды.

  

 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz