Ақпараттық хабар

Экономиканы біртіндеп қалпына келтіру үрдісі жалғасып келеді. Базалық салаларды дамыту үрдістерін сипаттайтын қысқамерзімді экономикалық индикатор 2016 жылғы қарашада жылдық көрсетілуде 2,7%-ға өсті. Бұл ретте, 2016 жылғы 11 ай ішінде жинақталған қорытындымен аталған көрсеткіштің өсуі жылдық көрсетілуде 0,5%-ды құрады, бұл жылдың басынан бастап байқалған құлдырау аймағынан шығуды растайды.  Мұндай деректерді брифинг барысында журналистерге Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев баяндады.

Сондай-ақ Д. Ақышев «нарықта шамадан тыс теңге өтімділігі сақталып отыр. Дағдарыс құбылыстарының туындауының алдын алу үшін, сондай-ақ инфляциялық қысымның күшеюін болдырмау үшін Ұлттық Банк қысқамерзімді ноттарды шығара отырып оны алып отырады» деп атап өтті.

«7 және 28 күндік ноттардан басқа, Ұлттық Банк одан да ұзын ноттарды шығарады, олар банктер тарапынан жоғары сұранысқа ие. Ноттарды шығару кірістілігі қисығының қысқамерзімді бөлігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді құрал болды. 9 желтоқсанда бір жылдық ноттарды орналастыру бойынша үшінші аукцион өткізілді, бұл ретте, оларға сұраныс ұсыныстан 3 еседен астам артық болды», – деп нақтылады Ұлттық Банк басшысы.

Бұдан басқа, Д. Ақышев «желтоқсанда Ұлттық Банк қайталама нарықта Қаржы министрлігінің айналыс мерзімі 2-ден бастап 5 жылға дейін болатын мемлекеттік бағалы қағаздардың бұрын мәлімделген көлемін сатуды аяқтады. Бұл қалыптасып келе жатқан кірістілік қисығын ұзартуға және оның ортамерзімді секторын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қаржы министрлігінің 5 жылдық қазынашылық облигацияларын орналастыру бойынша 2016 жылғы 20 желтоқсанда өткен соңғы аукционның кірістілігі 9,3% болды» - деп хабарлады.

Нәтижесінде, желтоқсанның соңында ақша нарығында Ұлттық Банктің өтімділікті таза алуы 1964,0 млрд. теңге болды. ҚРҰБ-ның ашық позицияларының көлемі тікелей РЕПО операциялары бойынша 35,05 млрд. теңге, кері РЕПО операциялары бойынша – 389,39 млрд. теңге, Ұлттық Банктегі банк депозиттері бойынша – 323,46 млрд. теңге болды.  Айналыстағы қысқамерзімді ноттар 2 518,7 млрд. теңгеге жетті.  

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Халықаралық аударымдар: қандай тәсілі арзан және қауіпсіз?

Заманауи әлемде шетелге ақша аудару оп-оңай шаруа болуға тиіс сияқты көрінгенімен, оның күрделі тұстары жеткілікті, оларды білмесеңіз шатасу оңай — комиссиялар, валюталар бағамы және, өкінішке орай, алаяқтық.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz