«Ұлттық Банк 2016 жылғы қыркүйектен бастап желтоқсанға дейін төрт ай қатарынан валюта нарығында өктемдік жүргізген жоқ. Сондықтан айырбастау бағамының іргелі үрдісіне біздің әсеріміз нөлге тең болды», – бұл туралы журналистерге брифинг кезінде Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.
Бағамның қалыптасуына Ұлттық Банктің араласпау саясатының нәтижесі ел резервін қалпына келтіруге бірте-бірте әсер етеді. «Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері желтоқсанның соңында, бастапқы деректер бойынша, жыл басынан бастап $1,9 млрд. долларға ұлғайып, $29,8 млрд. долларды құрады. Ұлттық қордың шетел валютасындағы валюта активтері жылдың соңында $61 млрд. доллар болды. Жалпы халықаралық резервтер $90,8 млрд. немесе ІЖӨ-ден 68% болды», – деді Д. Ақышев.