Ақпараттық хабар

Ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты болып отыр. Бағамның екі жаққа күнделікті ауытқуы қалыпты шектер шеңберінде болды.  Желтоқсанның соңында  теңгенің  биржалық бағамы бір айда 2,4%-ға (жыл басынан бастап 2%-ға) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 333,29 теңгені құрады. Мұндай деректерді брифинг кезінде Қазақстан  Ұлттық Банкінің Төрағасы  Данияр Ақышев жария  етті. 

Ол халық арасында жүргізілген пікіртерім оның девальвациялық күтулерінің  кейбір төмендеуін көрсеткендігін атап өтті.  Оған қоса,  респонденттердің  үштен бір бөлігі мұнай бағасының  серпінін тұрақты  түрде бақылап  отырады. «Осыған  қарамастан, өткен  жылдың желтоқсанында валюта нарығына  кәсіби қатысушылардың, сондай-ақ халықтың іс-әрекетін тиімді болды деп айтуға болмайды. Мұнайға  деген  әлемдік  бағаның 13%-дық өсуінен туындаған теңгенің нығаюы аясында шетел валютасына деген сұраныс жоғары  болды», – деді  Ұлттық Банк басшысы.

Сөзін қорытындылай келе Д.Ақышев «ағымдағы жағдайда шетел валютасына  деген халықтың сақталып  отырған  сұранысы  айтарлықтай шығындарға  әкелу тәуекеліне  ұшырайды.  Теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамы 2016 жыл бойы құбылмалы болды  және  оның  ауытқуы 328-ден 384-ке дейінгі шекте болды. Бірақ  өткен  жылы  6%-ға әлсіреген  еуроға  салым инвестициялаудың  неғұрлым  тиімсіз стратегиясы болды, оның  теңгеге қатысты ауытқуы  жыл  бойы 343-тен 418-ке  дейінгі шекте  болды», – деп  атап  өтті.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz