2016 жылғы қорытындылар бойынша инфляция 8,5% деңгейде қалыптасты, бұл тұтастай алғанда Ұлттық Банктің бағалауына сәйкес келеді. Бұл туралы брифинг барысында журналистерге Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.
ҚРҰБ басшысы «нысаналы бағдардың аздап ұлғаюы 2016 жылғы 4-тоқсанда жекелеген тауарларға ұсыныстар тарапынан болған күйзелістерге байланысты, олар қысқа мерзімді сипатта болды» деп атап өтті. Ұлттық Банктің бағалауы бойынша, 2017 жылғы 1-тоқсанда осы күйзелістердің инфляциялық процестерге ықпалы азаятын болады. «Тұтастай алғанда, біз жылдық инфляцияның одан әрі төмендеуін және 2017 жылғы қаңтар-ақпанда жылдық инфляция бойынша нысаналы бағдарға (6-8%) қол жеткізуді күтеміз», – деп мәлімдеді Д. Ақышев.
Инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізу мүмкіндігі халықтың инфляциялық күтулерді бағалау бойынша пікіртерімінің нәтижелерін растайды. «2016 жылғы желтоқсанда инфляциялық күтулер қалыпты сипатта болуды жалғастырып отыр. Респонденттердің 2016 жылғы желтоқсанда бағаны мереке алдынғы өсуі бойынша қауіптері ақталған жоқ, 2017 жылғы қаңтарда олар инфляциялық процестердің жедел өсуін күтпейді. Бұл ретте соңғы 12 айда бағаның өсуін күткен респонденттердің үлесі, жаңа жылда бағаның ағымдағы өсу қарқынын күткендердің есебінен аздап өсті», – деп хабарлады Ұлттық Банк басшысы.
Бұдан басқа, брифинг кезінде Д. Ақышев «халықтың инфляцияны қабылдауы біртіндеп жақсарып келеді. Респонденттердің көпшілігі өткен айда бағаның қалыпты өсуін атап өтті» деп хабарлады.