Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Казкоммерцбанк» АҚ-тың халық үшін тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сату мен сатып алу бағдарламасына қосылғанын хабарлайды.

 Тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сату мен сатып алу бағдарламасын іске асырған алты ай ішінде (2017 жылғы 31 мамыр – 1 желтоқсан аралығында) халыққа жалпы салмағы 51 640 грамм 1 485 алтын құйма сатылды.

Алтын құймаларды Қазақстан теңге сарайы дайындап, олар төрт түрде ұсынылған: 10, 20, 50 және 100 грамм. Мәселен, 10 грамдық құймалар күрең қызыл түсті, 20 грамдық құймалар жасыл түсті, 50 грамдықтар көгілдір түсті және 100 грамдық құймалар алтын түсті орауда ұсынылған.

Бұл ретте ең үлкен сұраныс 10 грамдық құймаларға тиесілі – 684 дана сатылды немесе сатылған құймалардың жалпы санынан 46%. Одан кейін 20 грамдық құймалар                 – 320 дана (22%), 100 грамдық құймалар – 287 дана (19%),  50 грамдық құймалар – 194 дана (13%).

Өңірлер бойынша сату көшбасшысы Алматы қаласы болып табылады – оған сатылған құймалардың жалпы санынан 56% тиесілі, Астана қаласына сатудың  20%-ы, Өскеменге – 7%, Қарағандыға – 5%, Павлодар мен Атырауға – 3%, қалған 6% қалған өңірлерде сатылды.

Құймалардың құны Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылардың қауымдастығы (LBMA) бір трой унция үшін белгілеген, АҚШ долларындағы алтынның таңертеңгілік фиксингіне және теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамына байланысты. Құймалардың бағасы күн сайын өзгеруі мүмкін. Бұл ретте бағдарламаға қатысушы банктер құймалардың бағасын дербес белгілейді.

Ұлттық Банк алтынның 1 грамының теңгедегі бағалау құны туралы мәліметтерді күн сайын жариялайды. Осылайша, алтындағы барлық жинақтардың бағалау құнының өзгеруін көруге және олардың кірістілігін айқындауға болады. Мәселен, 2017 жылғы                  31 мамырда бағдарлама іске қосылған күні 1 грамм алтынның бағалау құны 12 790 теңге, 1 желтоқсанда бағалау құны 1 грамм алтын үшін 13 805 теңге болды, ұлғаю 7%-ға жуық болды.

Алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы клиентке «күнбе күн» ақша төлей отырып оларды екінші деңгейдегі банктердің кері сатып алу мүмкіндігі болып табылады.

Әрбір құйманың қорғаныш элементтерімен (құймалардың жылтыр беті, микромәтін және бедерлі қыры) және арнайы орауда шығарылатынын, ол ораудың құймаларды механикалық бүлінуден қорғайтынын және ораудың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге мүмкіндік беретінін еске саламыз.

Қорғаныш орау да құйманың сапа сертификаты болып табылады. Сондықтан құйманы ұқыпты сақтап, орауды ашпау ұсынылады.

Азаматтар құймаларды сатып алу немесе сату бойынша инвестициялық шешімдерді дербес қабылдайтынын ескеру қажет, себебі олардың құны алтынның әлемдік нарықтағы құнына және ұлттық валюта бағамының өзгеруіне қарай ұлғаюы, сол сияқты төмендеуі мүмкін.

Халық үшін тазартылған алтынның  өлшеуіш құймаларын сату мен сатып алу бағдарламасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп 2017 жылғы 31 мамырда бастағанын еске саламыз.

Осылайша, алтын құймаларды Қазақстан Халық Банкінде, Еуразиялық банкте, Цеснабанкте және Казкоммерцбанкте сатып алуға болады.

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz