№22 баспасөз релизі

№22 баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 9 тамыздан бастап «proof» сапасымен номиналы 500 теңгелік «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясынан «Ит жылы» алтын және күміс ескерткіш монеталарын,  «proof» сапасымен номиналы 500 теңгелік «Банкноталардағы портреттер» монеталар сериясынан «Абылай хан» алтын және күміс ескерткіш монеталарын және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан монеталарды айналысқа шығарады.

«Ит жылы» монеталарының сипаттамасы

Монеталар он екі қырлы нысанда жасалған. Алтыннан және күмістен жасалған екі монетаның бет және сырт  жағындағы бейнелері бірдей.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын (күмістен жасалған монетада – «Ag 925 31,1 gr», алтыннан жасалған монетада – «Au 999 7,78 gr») білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу және күннің стильдендірілген бейнесі. 

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2018 жылдың символы – ит бейнеленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне «2018» ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде  «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазусыз.

Монеталар:

1) 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы – 7,78 грамм, сипатталған шеңберінің диаметрі – 21,87 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы –  1 мың дана;

2) 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, сипатталған шеңберінің диаметрі  – 38,61 мм,  дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 3 мың дана.

«Абылай хан» ескерткіш монеталарының сипаттамасы

Алтыннан, күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. «Рroof» сапалы алтын және күміс монеталардағы бейне жылтыр бетке салынған. 

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын   білдіретін, алтын және күміс монеталарда «500», нейзильбер қоспасынан жасалған монетада «100» деген сан және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Абылай ханның портреті орналасқан 1993 жылғы үлгідегі 100 теңгелік банкноттың бет жағының  бір бөлігі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «АБЫЛАЙ ХАН» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2017» деген сан және банкноттан алынған графикалық элементтер бар. Жоғарғы бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазу (алтын монетада «Au 999  7,78 g», күміс монетада «Ag 925 31,1 g.») бар.

Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар:

1) 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы – 7,78 грамм, диаметрі – 21,87 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 1 мың дана;

2) 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 3 мың дана;

3) нейзильбер қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 10 мың дана.

Номиналы 500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

«Ит жылы» ескерткіш күміс және алтын монеталары «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясын жалғастыратын сегізінші монеталар жұбы болып табылады. 2018 жылғы 16 ақпаннан бастап шығыс күнтізбесі бойынша ит жылы кіреді.

Монеталардың дизайнында Алматы қаласының «Шығыс күнтізбесі» субұрқағының мүсіндік композициясының бейнелері пайдаланылды. Авторлары: мүсінші – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші-монументалист В. Твердохлебов А. Татариновпен және архитектор В. Кацевпен бірлескен авторлықта.

Абылай ханның портреті 1993 жылғы үлгідегі 100 теңгелік банкноттың бет жағында бейнеленген болатын.

Қазіргі уақытта банкнот айналыстан алынған.

Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы  25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

«Proof» сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Нейзильбер қоспасынан жасалған ескерткіш монеталар жақсартылған сапамен дайындалған және сату үшін арнайы полиграфиялық орауға салынған.

Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, ал алтын және күміс монеталарды сондай-ақ «Монеталардың Интернет-дүкені» www.nationalbank.kz ҚРҰБ сайтының Интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қазақстандағы исламдық қаржыландыру: нелерді білу маңызды

Қазақстанның қаржы нарығы күннен күнге түрленуде — бүгін қазақстандықтардың әртүрлі банктердің арасында ғана емес, сондай-ақ банктердің өз жұмысында басшылыққа алатын қағидаттарын да таңдау мүмкіндігі бар. Осындай балама тәсілдердің бірі — шариғат нормаларына негізделген және алыпсатарлықты, өсімқорлықты және тыйым салынған салаларға инвестицияларға (мысалы, алкоголь немесе құмар ойындар) тыйым салатын исламдық қаржыландыру.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz