Ақпараттық хабар

Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесіне[1] сәйкес ҚР Ұлттық қорының активтерін басқарудың кірістілігін бағалау мақсаттары үшін оның базалық валютасы АҚШ доллары болып табылады.  2017 жылғы 1-тоқсандағы басқару нәтижелері бойынша базалық валюта – АҚШ долларымен есептелген инвестициялық кіріс пайда болды, ол 1,3 млрд. АҚШ долларын құрады.

Алдын ала деректер бойынша (тоқсан сайынғы есепті Ұлттық Банк есепті кезеңнен кейінгі күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей Қаржы министрлігіне рәсімді түрде[2] ұсынады) ҚР Ұлттық қорының 2017 жылғы бірінші жартыжылдықтағы инвестициялық кірісі 2,4 млрд. АҚШ долларын құрады.

Жарияланымда көрсетілген 784 млрд. теңге мөлшердегі инвестициялық шығын қордың валюталық активтерінің теңгеге қайта бағалау нәтижесіндегі 2017 жылғы 1-тоқсандағы іске асырылмаған шығын болып табылады. Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысы бойынша бағамының 333.29 теңгеден (2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) 314.79 теңгеге (2017 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша) дейін нығаюы қордың валюталық активтерінің есепті кезеңде теңгемен көрсетілген құнының өзгеруімен пайда болған жиынтық кірісті (зиянды) есептеу кезінде теріс бағамдық айырманың пайда болуына себепші болды.

2016 жылдың соңында бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану қағидаттарының бірі Ұлттық қордың бекітілген  көрсеткіштерін, Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді, сондай-ақ соңғы 5 және 10 жылдағы және басқару басталғаннан бергі кірістілік бойынша нәтижелер көрсетілетін оларды инвестициялық басқару туралы есептерді Қаржы министрлігінің жариялау міндеттілігі болып табылады.

 

[1] ҚР Әділетмині 2006 жылғы 1 қыркүйекте № 4361 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысы

[2] «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы 2001 жылғы 14 маусымдағы № 299 шарт

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қазақстандағы исламдық қаржыландыру: нелерді білу маңызды

Қазақстанның қаржы нарығы күннен күнге түрленуде — бүгін қазақстандықтардың әртүрлі банктердің арасында ғана емес, сондай-ақ банктердің өз жұмысында басшылыққа алатын қағидаттарын да таңдау мүмкіндігі бар. Осындай балама тәсілдердің бірі — шариғат нормаларына негізделген және алыпсатарлықты, өсімқорлықты және тыйым салынған салаларға инвестицияларға (мысалы, алкоголь немесе құмар ойындар) тыйым салатын исламдық қаржыландыру.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz