Публикации, отчеты, интервью

 Публикации, отчеты, интервью

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі №152 қаулысымен 2017 жылғы 4 тамыздан бастап қоса алғанда 2017 жылғы 1 қарашаға дейін  «Delta Bank» АҚ-тың  жеке  және  заңды  тұлғалардың  депозиттерін  қабылдауға,  жеке  және  заңды  тұлғалардың  банк  шоттарын ашуға лицензиясы  тоқтатыла  тұрады.

Бұл шешімді  Ұлттық Банк  Банктің  банктік  заңнама талаптарын жекелеген  бұзушылықтарына қадағалаушылық  реттеу және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 48-бабының 1-тармағы в) және г) тармақшаларында көзделген  негіздер  бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді  үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамау және үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа сақталуы  міндетті нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін ішкі бақылау жүйелерін жақсарту  қажеттілігі шеңберінде қабылдады.

Лицензия  жаңа  депозиттерді тартуға және  жеке  және  заңды  тұлғалардың жаңа  банк  шоттарын ашуға  қатысты тоқтатыла тұрады және  Банктің қолданыстағы депозиттері  мен  клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы  жоқ.

2017 жылғы 1 шілдедегі  жағдай  бойынша  «Delta Bank» АҚ  жеке  тұлғаларының  қабылданған депозиттерінің көлемі 0,25 млрд. теңгені, заңды тұлғалардың депозиттері 85,6 млрд. теңгені құрайды.  Банктің депозиттік портфелінің үлесі банк  жүйесі депозиттерінің  жиынтық көлемінің 0,5%-ын құрайды.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қазақстандағы исламдық қаржыландыру: нелерді білу маңызды

Қазақстанның қаржы нарығы күннен күнге түрленуде — бүгін қазақстандықтардың әртүрлі банктердің арасында ғана емес, сондай-ақ банктердің өз жұмысында басшылыққа алатын қағидаттарын да таңдау мүмкіндігі бар. Осындай балама тәсілдердің бірі — шариғат нормаларына негізделген және алыпсатарлықты, өсімқорлықты және тыйым салынған салаларға инвестицияларға (мысалы, алкоголь немесе құмар ойындар) тыйым салатын исламдық қаржыландыру.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz