2017 жылғы маусымда халықтың айырбастау пункттерінде қолма-қол АҚШ долларын нетто-сатып алу көлемі өткен аймен салыстырғанда 9,8%-ға төмендеп, 316,0 млн. АҚШ долларын құрады. Халықтың қолма-қол АҚШ долларын нетто-сатып алуының бұл көлемі қолма-қол АҚШ долларын нетто-сату байқалған 2016 жылды қоспағанда, соңғы 11 жылдағы (2005 – 2015 жылдар аралығындағы кезеңде маусымда нетто-сатып алудың орташа деңгейі – 771,6 млн. АҚШ доллары) ең төмен көлем болып табылады.
Сонымен бірге маусымда мамырмен салыстырғанда халықтың қолма-қол АҚШ долларын сатып алуының бір мезгілде төмендеуі (1,9%-ға) және оларды халықтың жалпы сатуының өсуі (4,0%-ға) байқалды.
Жылдың басынан бері халықтың қолма-қол АҚШ долларын нетто-сатып алу көлемі 1444,6 млн. АҚШ долларын (2016 жылғы қаңтар-маусымда нетто-сату 759,8 млн. АҚШ долларын құрады) құрады.