Жарияланым

Жарияланым

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы активтерінің көлемі 7 трлн. теңгеден асты, ал таза инвестициялық кіріс сомасы 5 айдың ішінде 114 млрд. теңгеден асты. БЖЗҚ-ның беріктік қоры бар, ал жинақтау жүйесі – дамудың әлеуеті, деп атап өтті «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттеріне «Ұлттық Банк хабарлайды, түсіндіреді, түсініктеме береді» арнайы жобасының  шеңберінде берген сұхбатында «БЖЗҚ» АҚ-тың Басқарма Төрағасы Нұрбүбі Наурызбаева.

«Қазақстан – ТМД-да бірінші болып халықты зейнетақымен қамсыздандыру реформасын жүргізген ел. Әлеуметтік қамсыздандырудың бөлу (ортақ) жүйесінен жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жеке зейнетақы шоттарында ақша жинақтауды көздейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне біртіндеп өту Қазақстан жүргізген зейнетақы реформасындағы ең негізгі нәрсе болды», – деді ол.  

Оның айтуынша, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі 20 жылдай уақыт ішінде өзгерістерге ұшырады, дағдарысты бастан кешірді, бірақ та дамуын жалғастырды. «2013 жылы Үкіметтің шешімімен барлық жеке ЖЗҚ-ның шоттары беріле отырып бірыңғай зейнетақы қоры құрылды. Бұл ретте зейнетақы жинақтары – бұл салымшының меншігі және міндетті жарналардың инфляция деңгейі ескеріле отырып сақталатынына мемлекет кепілдік беретін негізгі қағидат сақталды», – деп келе,  «бүгінгі күні Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыруға жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскердің өзінің арасында оңтайлы бөлуге негізделген көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді», – деп атап өтті Н.Наурызбаева.          

 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Халықаралық аударымдар: қандай тәсілі арзан және қауіпсіз?

Заманауи әлемде шетелге ақша аудару оп-оңай шаруа болуға тиіс сияқты көрінгенімен, оның күрделі тұстары жеткілікті, оларды білмесеңіз шатасу оңай — комиссиялар, валюталар бағамы және, өкінішке орай, алаяқтық.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz