Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңның жаңа редакциясын әзірлеуде. Заңның жаңа нұсқасы елде қалыптасып отырған ырықтандырылған валюталық режимнің тұжырымдамалық қағидаттарын өзгертпей, заңнаманы өзгерген экономикалық жағдайларға бейімдейді. Әзірленіп жатқан заң жобасының жаңалықтары туралы «Егемен Қазақстан» газетіне «Ұлттық Банк хабарлайды, түсіндіреді, түсініктеме береді» атты арнайы жобасының шеңберінде берген сұхбатында Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляков айтып берді.