Құрметті «ҚҰБ online» мобильдік қосымшасының пайдаланушылары!
Сіздерді Астана күнімен құттықтаймыз! Бұл – бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін тамаша мереке. Сүйікті Астанамыз одан әрі көркейе берсін, барша қазақстандықтарға бейбітшілік, денсаулық және бақыт тілейміз!
Астана күнін алдағы мерекелеуге байланысты 2017 жылғы 6, 7, 8, 9 шілде жұмыс істемейтін күндер болып табылатынын хабарлаймыз. Осыған орай мереке және демалыс күндері келіп түскен сұрақтарға жауаптардың пайдаланушылық келісімге сәйкес келесі жұмыс күні ішінде ұсынылатынын еске саламыз.