Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Ұлттық Банкі Халықаралық Электробайланыс Одағымен бірлесіп Цифрлық қаржылық қызметтерді дамыту мәселелері бойынша өңірлік форум өткізеді.

Іс-шараға ТМД, Еуропа, Балтық және Тынық мұхиты өңірі елдерінің орталық банктерінің, ақпарат және коммуникациялар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарының, халықаралық төлем жүйелерінің өкілдері, сондай-ақ мобильдік операторлар мен технологиялық компаниялар қатысады. 

Цифрлық қаржы технологияларын дамыту саласындағы, қаржы секторында ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды қолдану жөніндегі өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау Өңірлік форумның негізгі мақсаты болып табылады.

Іс-шараға қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйлей отырып ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ. Пірматов Өңірлік форумның саланың жаһандануымен және цифрлануымен байланысты қаржылық сервистердің өзгеруі кезеңіндегі маңызын атап өтті.

«Цифрлық қызметтердің біздің күнделікті өміріміздегі рөлі мен маңызы жыл сайын тек өсе беретіні сөзсіз екендігін айтуға болады. Қашықтан көрсетілетін мобильді сервистер, қаржылық техникалық компаниялардың өсуі, жаңа технологиялар, оның ішінде блокчейн, кибер қауіпсіздік бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып табылады.

Өңірлік форум шеңберінде цифрлық технологиялардың қаржы саласына ықпалы, қауіпсіздік мәселелері, реттеушілер алдында тұрған міндеттер және басқа да маңызды тақырыптар талқыланатын болады», – деп атап өтті ҚРҰБ Төрағасының орынбасары.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қазақстандағы исламдық қаржыландыру: нелерді білу маңызды

Қазақстанның қаржы нарығы күннен күнге түрленуде — бүгін қазақстандықтардың әртүрлі банктердің арасында ғана емес, сондай-ақ банктердің өз жұмысында басшылыққа алатын қағидаттарын да таңдау мүмкіндігі бар. Осындай балама тәсілдердің бірі — шариғат нормаларына негізделген және алыпсатарлықты, өсімқорлықты және тыйым салынған салаларға инвестицияларға (мысалы, алкоголь немесе құмар ойындар) тыйым салатын исламдық қаржыландыру.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz