Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

Берілген кредиттердің көлемі

2017 жылғы мамырда берілген кредиттердің көлемі 2017 жылғы сәуірмен салыстырғанда 106,9 млрд. теңгеге (немесе 13,8%-ға) ұлғайып, 882,4 млрд. теңгені құрады. 2016 жылғы мамырмен салыстырғанда жаңа кредиттерді берудің өсуі 18,7%-ды, 2017 жылғы қаңтар-мамырда 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ды құрады. 2017 жылғы мамырда берілген қарыздар бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі 14,3%-ға дейін жалғасты.

Мамырда жаңа кредиттердің 90%-ға жуығы теңгемен берілді, оның ішінде 2/3 жуығы заңды тұлғаларға, 1/3 жеке тұлғаларға тиесілі. Іс жүзінде қалған барлық бөлігін (10%) заңды тұлғаларға берілген валюталық қарыздар құрады, ал жеке тұлғаларға берілген валюталық қарыздардың үлесі 0,3%-ды құрады.

Банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер 506,4 млрд. теңгені құрады. Осы кредиттердің көлемі 2017 жылғы сәуірмен салыстырғанда 17,7%-ға, 2016 жылғы мамырмен салыстырғанда 17,8%-ға ұлғайды. Кредиттердің осы санаты бойынша сондай-ақ пайыздық мөлшерлемелердің 2017 жылғы сәуірдегі 13,9%-дан 2017 жылғы мамырдағы 13,3%-ға дейін төмендегені байқалды.

Жеке тұлғаларды ұлттық валютада жаңадан кредиттеу 2017 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда 11,3%-ға немесе 28,6 млрд. теңгеге, 2016 жылғы мамырмен салыстырғанда – 59,9%-ға немесе 105,5 млрд. теңгеге ұлғайды. Олар бойынша мөлшерлеме – алдыңғы айда 18,7%-дан  18,6%-ға дейін аздап төмендеді. Сондай-ақ жаңа тұтынушылық қарыздар 2017 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда 11,9%-ға немесе 25,4 млрд. теңгеге, 2016 жылғы мамырмен салыстырғанда – 42,9%-ға немесе 71,8 млрд. теңгеге ұлғайды.

Шетел валютасымен жаңа қарыздар 2017 жылғы мамырда –2,2%-ға аздап ұлғайды, бұл ретте 2016 жылғы мамырмен салыстырғанда олар 31,3%-ға немесе 42,9 млрд. теңгеге, ал 2017 жылғы қаңтар-мамырда 2016 жылғы осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда 54,4%-ға немесе 530 млрд. теңгеге азайды.  Экономика тарапынан валюталық қарыз ресурстарына сұраныс ұлттық валюта бағамының нығаю үрдісіне қарамастан шектеулі болып қалып отыр (осындай талаптарда валюталық қарыздарға қызмет көрсету арзан болады).

Экономика салаларының құрылымында заңды тұлғаларға берілген жаңа кредиттердің ең көп көлемі сауда кәсіпорындарына (2017 жылғы мамырда 54,2%), өнеркәсіпке (19,1%), құрылысқа (7,2%) берілуі жалғасуда. 

Кезеңнің соңында кредиттердің көлемі

Банктердің экономиканы кредиттеуінің көлемі 2017 жылғы мамырдың соңында бір айда 0,1%-ға ұлғайып, 12 606,4 млрд. теңге болды. Кредиттеу көлемдерінің өсуі ұлттық валютамен кредиттердің өсуімен қамтамасыз етілді (бір айда 1%). Шетел валютасымен кредиттердің көлемі 1,9%-ға төмендеп, 3 702,9 млрд. теңге болды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы бір айда 70%-дан 70,6%-ға дейін ұлғайды.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қазақстандағы исламдық қаржыландыру: нелерді білу маңызды

Қазақстанның қаржы нарығы күннен күнге түрленуде — бүгін қазақстандықтардың әртүрлі банктердің арасында ғана емес, сондай-ақ банктердің өз жұмысында басшылыққа алатын қағидаттарын да таңдау мүмкіндігі бар. Осындай балама тәсілдердің бірі — шариғат нормаларына негізделген және алыпсатарлықты, өсімқорлықты және тыйым салынған салаларға инвестицияларға (мысалы, алкоголь немесе құмар ойындар) тыйым салатын исламдық қаржыландыру.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz