Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

2017 жылғы  мамырдың соңындағы жағдай  бойынша  депозиттер көлемі жыл басынан бастап 2,2%-ға  қысқарып 17 707,3 млрд. теңгені  құрады, ал  2016 жылдың  тиісті  кезеңіне қатысты депозиттер көлемі   7,3%-ға немесе 1 206,3 млрд. теңгеге ұлғайды. Депозиттердің  қысқаруы басым  бөлігінде ұлттық валютаның  нығаюы (жыл басынан бастап 6,3%) нәтижесінде валюталық депозиттерді қайта бағалаумен  түсіндіріледі.

Шетел валютасындағы депозиттердің көлемі жыл басынан бастап 13,7%-ға немесе 1 358,1 млрд. теңгеге қысқарды. Валюталық салымдардың нақты әкетілуі 2 348,6 млн. АҚШ долларын немесе 7,9%-ды құрады. Ұлттық валютадағы депозиттер жыл басынан бастап 11,8%-ға немесе 969,0 млрд. теңгеге өсті. Нәтижесінде теңгемен салымдардың жалғасып отырған өсуі  үрдісі және валюталық  салымдардың  қысқаруы нәтижесінде  депозиттерді долларландыру  мамырда 48,2%-ға  дейін төмендеді.

Заңды  тұлғалардың  айырбастау  бағамының өзгеруін ескермегендегі валюталық салымдары  теңгемен салымдардың 10,4%-ға ұлғаюы аясында  жыл басынан бастап 7,7%-ға (1 159,3 млн. АҚШ доллары) қысқарды, бұл  заңды тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттері  үлесінің  2017 жылғы  мамырда  43,1%-ға  дейін  төмендеуіне  әкелді. Жеке тұлғалар депозиттерінің долларлану деңгейі жеке тұлғалардың шетел валютасындағы салымдары 8,2%-ға (1 189,2 млн. АҚШ доллары) төмендеуі және ағымдағы жылдың басынан бері теңгемен салымдар 14,3%-ға өсуі нәтижесінде 55,1% болды.

Ағымдағы жылдың бес айында банктер 34 184,9 млрд. теңге сомада депозиттер тартты, ол 2016 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен 40,1%-ға артық. Теңгемен тартылған қаражат осы кезеңде 72,1%-ға (12 008,9 млрд. теңгеге) өсті, валютамен тартылған қаражат 28,6%-ға (2 216,6 млрд. теңгеге) қысқарды.

Ұлттық валютамен тартылған депозиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 10,6%-дан 2016 жылғы желтоқсанда 9%-ға дейін төмендеді. Бұл үрдіс заңды тұлғалардың мерзімді теңгелік депозиттері бойынша мөлшерлеменің 10,5%-дан 8,7%-ға дейін төмендеуіне негізделді. Сонымен  бірге жеке тұлғалардың мерзімді теңгелік депозиттері бойынша мөлшерлеме айтарлықтай тұрақты болып қалуда – ағымдағы жылдың ішінде 12,1-12,5% аралығында. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша мөлшерлеме 1,8-2% аралықта құбылуда.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қазақстандағы исламдық қаржыландыру: нелерді білу маңызды

Қазақстанның қаржы нарығы күннен күнге түрленуде — бүгін қазақстандықтардың әртүрлі банктердің арасында ғана емес, сондай-ақ банктердің өз жұмысында басшылыққа алатын қағидаттарын да таңдау мүмкіндігі бар. Осындай балама тәсілдердің бірі — шариғат нормаларына негізделген және алыпсатарлықты, өсімқорлықты және тыйым салынған салаларға инвестицияларға (мысалы, алкоголь немесе құмар ойындар) тыйым салатын исламдық қаржыландыру.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz