Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

2017 жылғы 3-4 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Заманауи жағдайлардағы төлем жүйелері және көрсетілетін төлем қызметтері нарығы» атты халықаралық конференциясын өткізеді.

Іс-шараға ТМД, Еуропа, Балтық және Тынық мұхит өңірі елдері орталық банктерінің, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің, Мемлекетаралық Банктің өкілдері қатысады.

Конференцияның негізгі мақсаты цифрлық технологияларды қолдана отырып көрсетілетін төлем қызметтерін дамыту саласындағы өзекті мәселелерді, төлем жүйелерін дамытудағы соңғы үрдістерді талқылау, төлем нарығында орын алып отырған сын-қатерлерді талдау болып табылады.

Іс-шараға қатысушылар алдында сөйлеген құттықтау сөзінде ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ. Пірматов конференцияның ғаламдық қаржы индустриясы үшін қалыптасқан жағдайларды, қарым-қатынастарды, қаржы және әсіресе төлем саласындағы процестерді өзгерту іске асырылатын негізгі кезеңде өтіп жатқанын атап өтті. «Әлемде қаржы техникалық индустриясының саласында күрт өсу жүруде, халықтың жедел, қашықтан басқаратын және толық функциялы сервистерге сұранысы өсуде. Бұл өзгерістер нарыққа қатысушылар үшін жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар әкеледі. Цифрлық сервистерді және олар әкелетін тәуекелдерді пайдалану артықшылықтары арасындағы теңгерімді түсіну мен дұрыс таба білу маңызды, бұл, реттеушінің, сол сияқты төлем қызметтерінің нарығына қатысушылардың қызметіне теріс әсер етпей қоймайтындығы сөзсіз», – деп атап өтті ҚРҰБ басшысының орынбасары.

Конференция барысында цифрлық қызмет көрсету, халық үшін қаржылық қолжетімділікті арттыру, киберқауіпсіздік, төлемдік экожүйелерді цифровизациялау,  сондай-ақ қаржы жүйесінде жаңа технологияларды, оның ішінде «блокчейн» технологиясын қолдану мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қазақстандағы исламдық қаржыландыру: нелерді білу маңызды

Қазақстанның қаржы нарығы күннен күнге түрленуде — бүгін қазақстандықтардың әртүрлі банктердің арасында ғана емес, сондай-ақ банктердің өз жұмысында басшылыққа алатын қағидаттарын да таңдау мүмкіндігі бар. Осындай балама тәсілдердің бірі — шариғат нормаларына негізделген және алыпсатарлықты, өсімқорлықты және тыйым салынған салаларға инвестицияларға (мысалы, алкоголь немесе құмар ойындар) тыйым салатын исламдық қаржыландыру.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz