Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі халыққа арналған тазартылған алтын өлшеуіш құймаларды сату мен сатып алу бағдарламасына «Цеснабанк» АҚ-тың қосылғанын хабарлайды.

Алтын құймалар халық үшін қатысушы банктердің бөлімшелерінде қолжетімді. Қазіргі уақытта алтын құймаларды Қазақстан Халық Банкінде, Еуразиялық  банкте және Цеснабанкте сатып алуға болады.

Алтын құймаларды Қазақстан теңге сарайы дайындады және 10, 20, 50 және 100 грамдық төрт түрі бар. Мәселен, 10 грамдық құймалар күрең қызыл, 20 грамдық – жасыл, 50 грамдық – көгілдір түсті арнайы ораумен және 100 грамдық құймалар – алтын түстес ораумен ұсынылғанын еске саламыз.

Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен (құймалардың тегіс беті, микромәтін және бедерлі қыр) және құймаларды механикалық бүлінуден қорғайтын және ораудың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге мүмкіндік беретін арнайы ораумен шығарылады.

Қорғаныш орау да құйманың сапа сертификаты болып табылады. Сондықтан құйманы ұқыптау сақтаған және орауын ашпаған жөн. 

Ұлттық Банктің тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларына, сондай-ақ  бағдарламаға қатысушы банктер туралы ақпаратқа байланысты барлық мәселелер бойынша мына телефонға хабарласуға болады: +7 (727) 2704 569.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Халықаралық аударымдар: қандай тәсілі арзан және қауіпсіз?

Заманауи әлемде шетелге ақша аудару оп-оңай шаруа болуға тиіс сияқты көрінгенімен, оның күрделі тұстары жеткілікті, оларды білмесеңіз шатасу оңай — комиссиялар, валюталар бағамы және, өкінішке орай, алаяқтық.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz