Интернет өміріміздің маңызды бір бөлігіне айналғаны сөзсіз. Егер бұрын біз оны жаңалықтар оқу және музыка тыңдау үшін қолдансақ, ендігі уақытта ол арқылы біз тауарлар сатып аламыз, ақша аударамыз және тағы да көптеген шаруаларымызды тындырамыз. Бұл, өз кезегінде, алаяқтар үшін сіздің деректеріңізді, парольдеріңізді қолға түсіріп, сіздің ақшаңызды ұрлау үшін жақсы нысанаға айналды.