Ұлттық Банк «Бейрезидент мәртебесі Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының атынан шетелдік ұйымдармен жасалған келісімдердің талаптарында белгіленген шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – жоба) пысықталғаны туралы хабарлайды.
Жоба «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.