Жалпы портфель. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау стратегиясына сәйкес сақтауды және кірістілікті қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық портфельді әртараптандыру мақсатында зейнетақы активтері валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының әр түріне инвестицияланады.
2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 9 436,9 млрд теңге болды. Теңгемен номинирленген ақша қаражаты мен қаржы құралдары 6 380,3 млрд теңгені немесе 67,6%-ды, шетел валютасында номинирленген – 3 056,7 млрд теңгені немесе 32,4%-ды құрады.
Теңгемен номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі. БЖЗҚ-ның теңгемен номинирленген зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес жыл сайын мақұлдайтын бағыттар шеңберінде ғана инвестицияланады.
Теңгемен инвестициялар. 2019 жылғы қаңтарда теңгемен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 60,6 млрд теңге (ақша нарығы құралдарына инвестицияларды есептемегенде[1]) болды, оның ішінде:
- орташа алынған кірістілігі жылдық 8,7%-бен 45,4 млрд теңге сомаға ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ;
- жылдық 1,15% мөлшеріндегі инфляция мен сыйлықақыға тең келетін кірістілігі бар 15,2 млрд теңге сомаға Азия даму банкінің облигациялары.
Теңгеден өтеу және сату. 2019 жылғы қаңтарда бағалы қағаздардың эмиссиясы проспектісінде белгіленген мерзімдерге сәйкес 5,7 млрд теңге жалпы сомада негізгі борыш өтелді, оның ішінде:Қаралып отырған кезеңде теңгемен бос ақша қаражаты ақша нарығының қысқа мерзімді құралдарына да орналастырылған. Бұл ретте осы инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.
- 4,0 млрд теңге сомаға «ҚИК» ИҰ» АҚ;
- 0,14 млрд теңге сомаға «Еуразиялық Банк» АҚ;
- 1,0 млрд теңге сомаға ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ;
- 0,6 млрд теңге сомаға «Абди Компани» АҚ (берешекті қайта құрылымдау туралы келісімге сәйкес).
Қарастырылып отырған кезеңде екінші деңгейдегі банктердің бастамасы бойынша банктік салым шарттарында белгіленген талаптарға сәйкес жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеге депозиттер бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтеу жүргізілді.
Есепті кезеңде мынадай бағалы қағаздар сатылды:
- 3,0 млрд теңге сомаға «АстанаГаз ҚМГ» АҚ облигациялары;
- 11,2 млрд теңге сомаға «Батыс Транзит» АҚ облигациялары;
- 5,9 млрд теңге сомаға «Цеснабанк» АҚ жай акциялары;
- 0,3 млрд теңге сомаға «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың депозитарлық қолхаттары.
Шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі.
БЖЗҚ-тың шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтері БЖЗҚ-тың инвестициялық декларациясында белгіленген валюталық активтерді инвестициялаудың жалпы құрылымы мен стратегиясына сәйкес инвестицияланады.
Шетел валютасымен инвестициялар. 2019 жылғы қаңтарда шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі
269,6 млрд теңге болды. Аталған көлемге жылдық 2,4% орташа алынған кірістілікпен АҚШ Үкіметінің МБҚ сатып алынды.
Шетел валютасында өтеу және сату. 2019 жылғы қаңтарда белгіленген мерзімдерге сәйкес АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша 240,7 млрд теңге сомаға негізгі борыш өтелді.
Бағалы қағаздар сатылған жоқ.
Инвестициялық қызметтің нәтижелері. 2019 жылғы қаңтарда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 18,56 млрд теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің кірістілігі 2019 жылғы қаңтарда 0,16% болды.
Бұл ретте 2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2018 жылғы ақпаннан бастап 2019 жылғы қаңтарға дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі 5,20% мөлшеріндегі инфляция кезінде 11,31%-ды құрады. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 6,11%-ды құрады.
[1] ҚРҰБ ноттары мен депозиттері, ҚР МБҚ кепілімен «Валюталық своп» және «Кері репо» операциялары