Пайдалану қағидалары

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі – Келісім) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) және «FinGramota Online» мобильдік қосымшасын пайдалану үшін тиісті түрде осы Келісімге қосылған жеке тұлға (бұдан әрі – Пайдаланушы) арасындағы қатынастарды реттейді. 

1.2. «FinGramota Online» мобильдік қосымшасы (бұдан әрі – Қосымша) Агенттікпен қаржылық реттеушінің қызметі және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара іс-әрекет жасау үшін халыққа қолайлы мобильдік құралды ұсынады. 

1.3. Пайдаланушылар сұрақтар қоя алады және жедел тәртіппен жауап алады. Демалыс және мереке күндері түскен сұрақтарға жауаптар жұмыс күндері беріледі.

1.4. Қосымшаға орналастырылатын жауаптардың айрықша түсіндірме сипаты болады және Агенттіктің ресми жауаптары болып табылмайды. Агенттік жауаптарында конфиденциалды ақпаратқа жататын ақпаратты бермейді.  

1.5. Қосымша қысқаша сипаты бар бірнеше бөлімді қамтиды. Пайдаланушы сұрақты тиісті бөлімге қоя алады.

1.6. Қосымшаны Пайдаланушының мобильдік құрылғысына орнату осы Келісімге қосылудың акцепті және Пайдаланушының оның талаптарымен келісуінің растамасы болып табылады.

1.7. Осы келісімді Агенттік біржақты тәртіппен өзгертуі және/немесе толықтыруы мүмкін. Бұл ретте осы Келісімге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілгеннен кейін Қосымшаны пайдалануды жалғастыру Пайдаланушының осындай өзгерістермен және/немесе толықтырулармен келісетінін білдіреді.

1.8.  Қосымшаның мазмұнына және жұмыс істеуіне, үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделерінің, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылуына байланысты жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары мен шағым талаптарын электрондық пошта: Fingramota@finreg.kz мекенжайына жіберуге болады.

 

2. ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Пайдаланушы осы Келісімнің талаптарын тиісінше сақтауға міндеттенеді.

2.2. Пайдаланушы Қосымшаны жеке коммерциялық емес пайдалануға байланысты мақсаттардан басқа кез келген өзге мақсаттарға пайдаланбауға міндеттенеді.

2.3. Пайдаланушы Қосымша арқылы жарнамалық, ақпараттық және басқа да осындай сипаттағы хабарларды таратпауға/жібермеуге міндеттенеді.

2.4. Пайдаланушы Қосымшаны үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға пайдаланбауға, оның ішінде:

2.4.1. Қосымша арқылы қорлаудан, жала жабудан, цензурадан өтпейтін пікірден тұратын материалдарды, порнографиялық немесе мораль нормаларына қайшы келетін өзге материалдарды, мейрімсіздікті, террорды немесе адамның ар-намысын қорлайтын зорлық-зомбылықты көрсететін немесе насихаттайтын материалдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін өзге де материалдарды немесе осындай материалдарды қамтитын интернет – сайттарға және басқа ресурстарға сілтемелерді орналастырмауға.

2.4.2. Қауіп-қатерден тұратын, алаяқтық сипаттағы, жеке немесе жария мүдделерге қол сұғатын, нәсілдік, діни, этникалық жеке көрушілікті немесе өшпенділікті насихаттайтын кез келген ақпаратты және материалдарды, сондай-ақ адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын құқықтарын бұзатын кез келген өзге ақпаратты орналастырмауға.

2.4.3. Әлеуметтік,  нәсілдік,  ұлттық немесе діни  жеке көрушілікті немесе өшпенділікті тудыратын насихат пен үгітті, стандартты емес сексуалдық бағыттағы адамдарға өшпенділікті, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік артықшылықты насихаттауды жүзеге асырмауға.

2.4.4. егер Пайдаланушы осындай іс-әрекеттерді жасауға уәкілетті болмаса,  қолжетімділігі шектеулі кез келген ақпаратты (конфиденциалды ақпаратты)  Қосымша арқылы орналастырмауға және бермеуге.

2.4.5. Қосымша арқылы спамды, сондай-ақ басқа кез келген қажетсіз ақпаратты таратпауға.

2.4.6. Мәні жоқ, мазмұны дұрыс емес ақпаратты орналастырмауға міндеттенеді.

 

3. АГЕНТТІКТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3.1. Агенттік Пайдаланушыға Қосымшаның жұмыс істеп тұрғаны туралы ақпаратты жіберуге, оның ішінде Қосымшадағы ақпараттық және өзге хабарларды орналастыруға құқылы.

3.2. Пайдаланушы Қағидаларды әрбір бұзғаны үшін ескерту алуы және 1  күндік мерзімге, екінші ескертуді алғанда 5 күндік мерзімге «оқу үшін ғана» режіміне ауысуы мүмкін, үшінші ескерту алғанда 40 күндік мерзімге бұғатталады.

 

4. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

4.1. Ресми жауапты алу қажеттілігі кезінде, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Агенттікке өтініш беруі қажет.

4.2. Осы Келісімде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс.

4.3. Осы Келісім Пайдаланушы үшін Қосымшаны мобильді құрылғыда орнатқан және Пайдаланушы тіркелген кезден бастап күшіне енгізіледі. Осы Келісім мерзімсіз қолданыста болады.

4.4. Егер осы Келісімнің қандай да бір ережесі заңсыз деп танылса, бұл осы Келісімнің басқа ережелерінің заңдылығы мен қолданылуына әсер етпейді.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz