Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға қолдау көрсету шаралары туралы

Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға қолдау көрсету шаралары туралы

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша мерзімі өткен берешектің пайда болу жағдайларын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен Жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру тәртібін (бұдан әрі – Тәртіп) бекітті. Тәртіп Агенттік Төрағасының 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген.

Тәртіп:

- екінші деңгейдегі банктерге,

- банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға,

- ломбардтарды, кредиттік серіктестіктерді қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – кредиттік ұйым) қолданылады.

Кредиттік ұйымдар төтенше жағдай кезеңінде қаржылық жай-күйінің нашарлауының немесе келтірілген залалдың объективті себептері болған кезде қарыз алушының банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемдерді тоқтата тұруды (бұдан әрі – кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру) жүзеге асырады.

Кредиттік ұйым жеке тәртіппен төтенше жағдайдың қарыз алушының қаржылық жай-күйіне және қызметіне әсерін бағалауды жүргізеді.

Кредит бойынша төлемдерді төлеу мерзімін кейінге қалдыру мыналар арқылы беріледі:  

- төлеу мерзімі бұрын кейінге қалдырылған төлемдерді қарыз мерзімінің соңына дейін теңдей бөлу түрінде жаңа кесте белгілеу;

-  төлеу мерзімін кейінге қалдыру кезеңінде қарыздың мерзімін ұлғайту;

-  банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттарының талаптарын өзгерту нәтижесінде кредиттік ұйымның қарыз алушымен келісілген өзге кестесі.

Төтенше жағдайдың қолданылуы және кредит бойынша төлеу мерзімін кейінге қалдыру кезеңінде кредиттік ұйым:

- қарыз алушының банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша айыпақы (айыппұлдар, өсімпұлдар) есептемейді және төлеуді талап етпейді;

- есептелген және мерзімі өткен сыйақыны, айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш сомасына капиталдандыруды (қосуды) жүзеге асырмайды.

Кредиттік ұйымдарға:

- қарыз алушылардан өтінішті қарау және банктік қарыз, микрокредит және (немесе) кепіл шарттарын және өзге де байланысты шарттарды өзгерту үшін комиссиялар мен басқа да төлемдерді алуға тыйым салынады.

Кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру кезеңінде кредиттік ұйым осы қарыз алушы бойынша талап-арыз жұмысын және қарыз алушыны мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттігі туралы хабардар етуді тоқтатады.

Кредиттік ұйым қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалау нәтижелері бойынша кредиттік ұйымның қарыз алушымен келісім бойынша айқындаған кезеңіне 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынады және кредиттік ұйымдар 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде дара кәсіпкерлерге берген банктік қарыздар мен микрокредиттерге қолданылады.

Кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру себебін қамтитын еркін нысанда жасалған қарыз алушының өтініші негізінде беріледі.

Өтінішті кредиттік ұйымға 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін беруге болады.

Кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру туралы өтінішті (жүгінуді) кредиттік ұйымға қарыз алушы электрондық поштаның, «банк-клиент» онлайн-жүйесінің, интернет-ресурстың, мобильдік қосымшаның, басқа байланыс құралдарының көмегімен не қарыз алушының кредиттік ұйымның офисіне жеке баруы жолымен береді.

Кредиттік ұйымдардың қарыз алушылардың өтініштерін қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

Сондай-ақ, Агенттік тұрақты негізде халықтың өтініштерін мониторингтеуді және талдауды жүзеге асыратынын және азаматтармен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін барлық мүмкін болатын коммуникация арналарын пайдаланатынын хабарлаймыз.

1. Халық үшін ақпараттың қолжетімділігі мен толықтығын арттыру мақсатында азаматтар +7 727 237 1000 нөмірі бойынша сall-орталыққа хабарласа алады: Жұмыс кестесі дүйсенбі-жұма күндері аралығында, сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін.

2. Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы (https://egov.kz/cms/ru) арқылы, «Электрондық өтініштер» сервисінде  растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтініш мәтінін толтырып, «Қызметке онлайн тапсырыс беруді» таңдаңыз;

3. eOtinish (https://eotinish.kz/) электрондық сервисінің көмегімен. Өтініш беру eGov қосымшасы арқылы жүзеге асырылады, «Өтініш беру» сервисінде «Өтінішті» таңдап, өтініш мәтінін толтыру керек;

4. Мына электрондық пошта арқылы: info@finreg.kz.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz