Жас кәсіпкерлер өздерін және деректерін қаржылық алаяқтардан қалай қорғай алады?

Жас кәсіпкерлер өздерін және деректерін қаржылық алаяқтардан қалай қорғай алады?

Бүгін Семей қаласында Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ROAD SHOW ENACTUS KAZAKHSTAN» жастар кәсіпкерлігінің форумы басталды. Екі күнге созылатын бұл іс-шараға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі қатысып, қаржылық алаяқтық және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау тақырыбында дәріс оқыды.

Қазіргі кезде Қазақстанда қандай алаяқтық схемалар таралған? Жас кәсіпкерлер өздерін және дербес деректерін қалай қауіпсіздендіруі керек? Егер қаржылық алаяқтыққа тап болсаңыз, қайда бару керек? Қаржылық қызметтерді тұтынушылар кімдер және олардың құқықтары мен мүдделерін кім қорғайды? Осы және басқа да мәселелер туралы Агенттіктің Өскемендегі Өңірлік өкілдері басқармасының бас маманы Саят Кәкіманов өз дәрісінде айтып берді.

Иесінің келісімінсіз шоттан ақшаны есептен шығару, жалған кредиттерді ресімдеу, фишинг-шабуылдар, «жасырын» қоңыраулар, жасырылған қаржы пирамидалары – бұл қазіргі заманғы қаржылық алаяқтықтың барлық түрлері, оларға көптеген азаматтар немқұрайдылық пен шектен тыс сенімділікке байланысты түседі. «Көп жағдайда адамдар өз жинақтарын жоғалтады, себебі өздері бір кездері алаяқтарға картаның толық деректемелерін, соның ішінде нөмірін, қолданылу мерзімін, үш таңбалы CVV/CVC-кодын, сондай-ақ операцияларды растау үшін банктер жіберетін SMS-тегі парольдер мен кодтарды хабарлады, - дейді С. Кәкіманов. – Азаматтар мұны телефон арқылы сөйлескен кезде, электрондық поштадағы күмәнді сілтемеге өтіп, онлайн-шопинг жасап, қандай да бір ұтыс ойынына қатысып, сауалнамалар немесе пікіртерімдер толтырып, карточканы сатушыға беріп немесе оның фотосуретін әлеуметтік желілердегі таныстарына жібере отырып жасады.».

Сондай-ақ, ол әсіресе балалардың, жастардың және егде адамдардың осалдығын пайдаланатын әлеуметтік инженерия әдісінің көмегімен жасалатын психологиялық айлалар туралы айтып берді. «Заманауи алаяқтар – тамаша психологтар, олар адамды оңай басқара алу үшін оны неше түрлі әдіспен қалыпты жағдайынан шығаруға тырысып бағады. Қаскөйлер телефон нөмірлерін ауыстыруды, жалған құжаттар жасауды, қаржы ұйымдарының, онлайн-дүкендердің сайттарын көшіруді үйреніп алған», - дейді ол. Ол осы тақырып бойынша барлық материалдармен Fingramota.kz сайтында танысуға болатындығын атап өтті. Fingramota.kz – бұл халықтың қаржылық сауатын ашуға және олардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға арналған Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған медиапортал.

Сондай-ақ, С. Кәкіманов Агенттіктің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жүргізетін жұмысы туралы айтып берді.

Дәріс аяқталғаннан кейін сұрақтар мен жауаптар сессиясы өтті, оның барысында С. Кәкіманов алаяқтардың қалайша «бөгде» кредиттерді ресімдейтіні және бұл жағдайда азаматтарға не істеу керектігі туралы сұрақтар бойынша жауап берді.

С. Кәкіманов жас кәсіпкерлерді аса сақ болуға шақырды және алаяқтардың құрықтарына түсіп қалмау бойынша ұсынымдар беріп, қандай құпия мәліметтерге сақ болып, ешкімге беруге болмайтындығын айтты.

Агенттіктің ҚР  Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 338 қаулысымен бекітілген Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020 - 2024 жылдарға арналған тұжырымдамасының шеңберінде жастар кәсіпкерлігіне және Enactus Kazakhstan жобаларына жүйелі негізде қолдау көрсетіп отыратынын атап өтеміз. 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz