Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен AAOIFI Бірлескен және өзара ынтымақтастық үшін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен AAOIFI Бірлескен және өзара ынтымақтастық үшін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландыруды дамыту шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) және Ислам қаржы институттарының бухгалтерлік есеп пен аудит жөніндегі ұйым (бұдан әрі - AAOIFI) Қазақстанда да, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) өңірінде де исламдық банкинг және қаржы индустриясын жетілдіру жұмысын жүргізуде. Тараптар тиісті Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум шеңберінде өзара ақпарат алмасу, бірлескен исламдық қаржыландыру бағдарламалары мен стандарттарын әзірлеуге қолдау көрсету көзделген. Екі тараптың әрекеттері исламдық қаржыландырудың әлеуетін асыруға және ол туралы, сондай-ақ Қазақстандағы және ТМД-дағы стандарттар туралы хабардар болуды арттыруға бағытталған.

Исламдық қаржыландыру – қаржы нарығының тез өсіп бара жатқан сегменті, қазіргі кезде әлемдік көлемде 2,5 трлн АҚШ долларын құрайды, өсу әлеуеті 50%-ға дейін, яғни жақын уақыттағы екі жылда 3,8 трлн АҚШ долларына дейін өседі. Қазақстанда исламдық қаржыландыру бизнесті дамытуға, мемлекеттік және муниципалдық, сол сияқты жеке секторда қаражат тартудың балама көзі болып табылады.

Ислам банкингі клиентпен әріптестік қатынастарға және онымен тәуекелдерді бөлісуге негізделеді, мұнда қаржылық әділдік идеясы және қаржылық мәміленің барлық тараптарының мүдделерін ескеру басты назарда болады.

         «ТМД аймағы көптеген мұсылман халқының, сондай-ақ үкіметтер саясатының және ислам қаржысына қолдау көрсету инфрақұрылымының арқасында ислам қаржысының тез өсіп келе жатқан маңызды шептерінің бірі болып табылады», - деп атап өтті Меморандумға қол қоюға байланысты AAOIFI Бас хатшысы Омар Мұстафа Ансари мырза. «AAOIFI Агенттікпен осы Меморандумға қол қойғанына қуанышты және исламдық қаржыландыруды дамытуға және барлық қатысушылардың жобалық міндеттемелерін орындауына қолдау көрсетіледі деп үміттенеді», - деді AAOIFI Бас хатшысы.   

Қазақстанда екі Ислам банкі — Al Hilal және Заман-Банк жұмыс істейді. 2020 жылдың соңына қарай олардың жиынтық активтері 81,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,5%-ға артты. Бұл ретте соңғы үш жылдағы активтердің орташа жылдық өсімі 30,3%-ды құрайды. Дегенмен, ислам банкингінің елдің банк секторындағы үлесі төмен деңгейде — бар болғаны 0,26%. Алайда, бұл сегменттің өсуін сарапшылар өте перспективалы деп бағалайды.

«AAOIFI ислам қаржы индустриясы үшін маңызды инфрақұрылымдық мекеме болып табылады, ол осы сала үшін стандарттар мен басқару қағидаттарының сенімді жиынтығын әзірлейді», - деп атап өтті Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков. «AAOIFI-мен бірлескен пайымды, бірлескен жобаларды жүзеге асыру исламдық қаржыландыруды дамытуға және еліміздің барлық қаржы секторын дамытуға тұрақты негіз қалауға мүмкіндік береді. AAOIFI-мен ынтымақтасу біз үшін үлкен мәртебе және біз бұл ынтымақтастық өзара тиімді және нәтижелі болады деп үміттенеміз», - деп қорытындылады қаржы реттеушісінің өкілі.

Анықтама үшін:

AAOIFI - 1991 жылы құрылған ислам қаржы мекемелерінің бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі ұйымы бірінші кезекте ислам қаржысының әлемдік индустриясы үшін стандарттарды әзірлеуге және шығаруға жауап беретін жетекші халықаралық коммерциялық емес ұйым болып табылады.

AAOIFI жалпы алғанда шариғат, бухгалтерлік есеп, аудит, этика және халықаралық исламдық қаржыны басқару саласында 113 стандарт пен техникалық ережені әзірледі.

Бахрейнде орналасқан AAOFI-ге әлемнің 45-тен астам елінен орталық банктер мен реттеуші органдар, қаржы мекемелері, бухгалтерлік және аудиторлық фирмалар мен заң фирмаларын қоса алғанда, 200-ден астам институционалды мүшелер қолдау көрсетеді. Оның стандарттары мен техникалық ережелері бүкіл әлем бойынша 28-ден астам реттеуші юрисдикцияларда толық немесе ішінара қабылданды, бұл бүкіл әлем бойынша жетекші исламдық қаржы институттарының жетекшілік етуі және ерікті қабылдауы нысанында одан да үлкен ықпалға қосымша болды, бұл исламдық қаржының халықаралық практикасын үйлестірудің прогрессивті дәрежесіне әкелді.

AAOIFI қызметі туралы қосымша ақпарат алу үшін AAOIFI Стандарттарды енгізу және стратегиялық әзірлемелер бөлімінің жетекшісі, доктор Ризван Маликке офис: +973 17375401; электрондық пошта: rmalik@aaoifi.com байланыс түрлері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

ҚНРДА - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржы нарығын дамытуға жәрдемдесетін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Агенттіктің халықаралық ынтымақтастық саласындағы қызметі туралы толығырақ ақпарат алу үшін – Агенттіктің Халықаралық қатынастар және интеграция басқармасы: Азиза Ғабитқызы – жетекші маман +7 (727) 237 11 11.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz