Жиі қойылатын сұрақтар

Барлық бөлімдер

Барлық бөлімдердің жиі қойылатын сұрақтары
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Қазақстанда сот орындаушыларының қандай шоттардан ақшаны шешіп алуларына құқығы жоқ?

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, «арнайы» шоттардағы ақшаны қоспағанда, қарыз алушының ағымдағы шоттарындағы ақшасына төлем талабын қою арқылы даусыз (акцептсіз) тәртіппен өндіріп алуға құқылы. Заңнамаға сәйкес арнайы шоттағы ақшаға: тыйым салуға, банктер мен банктік емес ұйымдардың төлем талаптары бойынша, сот орындаушыларының инкассолық өкімдері бойынша өндіріп алуға жол берілмейді. Осылайша, арнайы шоттардағы қаражат қарыз алушыларда қарыз бойынша мерзімі өткен берешегі болған жағдайда үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан толық көлемде қорғалған. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында 2019 жылдан бастап шоттардан ақша өндіріп алуға тыйым салу көзделген: • Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді аудару үшін; • Кәмелетке толмағандарды және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға алименттер; • Азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақтарын төлеуге; • Білім беру жинақтау салымдары. Арнайы шоттарға жоғарыда көрсетілген төлемдер ғана есепке алынуы мүмкін және банктер төлем мақсатының тиісті коды және ақша жөнелтуші бойынша осындай шоттарға ақшаның түсуін бақылауды жүзеге асырады. Банктер арнайы шоттарды жеке тұлғаның талап етуі бойынша және банк шотын ашуға арналған өтініште оның арнайы мақсаты көрсетілген жағдайда ашады.


Коллекторлық агенттіктердің қызметі

Ешқандай қарызым болмаса да, мені коллекторлардың әрекеттері мазалайды. Мен өз құқығымды қорғау үшін қайда жүгіне аламын?

Сіз Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз, оны пошта арқылы немесе курьермен, оның ішінде Өңірлік өкілдердің басқармаларына жолдауға болады. Хат-хабарларды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: А15С9Т5, Алматы қаласы, Көктем-3 ықшам ауданы, 21- үй, байланыс телефоны: +7 (727) 237 1200. Сонымен қатар Сіз Агенттіктің сайтындағы «Онлайн қабылдау» бөлімінде, электрондық үкімет порталы немесе info@finreg.kz, TAL@finreg.kz электрондық пошта арқылы шағым жаза аласыз. Өтініш берген кезде өтінішке қатысты өз деректеріңіз бен толық ақпарат көрсетіңіз: коллекторлық ұйымның атауы, қызметкерлердің аты-жөні мен телефондары және т.с.с.. Өтініш заңнамада белгіленген мерзімде қаралатын болады.


Өзге де сұрақтар

«Оңалтылған» мәртебесін алуға болатынын оқыдым. 90 күннен астам төлем мерзімін кешіктіргенмін. Қазір жұмыс істеймін, тұрақты жалақым бар, кредит ресімдегім келеді. Бұл мәртебені қалай алуға болады?

№ 53 қаулыға сәйкес кредиттік бюро «оңалтылған» мәртебесін мынадай талаптарды сақтаған кезде, бұрын мерзімі 90 күннен астам кешіктірілген кредитке қатысты береді (мұндай өзгерістер Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы№ 19 қаулысымен енгізілді): 1) кредит бойынша берешекті өтегеннен кейін бір жыл өткен соң. Мысалы, егер қарыз алушы 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредит бойынша берешекті толық өтесе, онда 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредиттік бюро кредитке «оңалтылған» мәртебесін беруге тиіс. 2) қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру күніне берешек сомасының 50%-нан астамы төленді және қарыз алушы бір жыл ішінде кредитті қайта құрылымдаудан немесе қайта қаржыландырғаннан кейін күнтізбелік 30 күннен астам мерзімге мерзімін кешіктіруге жол бермеді. Мысалы, егер қарыздың жалпы сомасы 500 мың теңге құраса және қарыз алушы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін 250 мың теңгеден астам өтесе (2020 жылғы 1 қаңтар – қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру күні), бұл ретте 2020 жыл бойы қарыз алушы күнтізбелік 30 күннен астам мерзімге мерзімін кешіктіруге жол бермеді, онда 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредиттік бюро кредитке «оңалтылған» мәртебесін беруге тиіс. 3) мерзімі күнтізбелік 90 күннен асып кеткен берешекті өтелгеннен кейін, қатарынан соңғы күнтізбелік 12 айдың ішінде күнтізбелік 30 күннен асатын мерзімге мерзімін кешіктіруге жол берілмеді. Мысалы, егер қарыз алушы 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредит бойынша берешекті толық өтесе және 2020 жыл бойы ол күнтізбелік 30 күннен астам мерзімге мерзімін кешіктіруге жол бермесе, онда 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредиттік бюро кредитке «оңалтылған» мәртебесін беруге тиіс. Жоғарыда көрсетілген талаптардың біреуіне сәйкес келген кезде банк кредиттік тарих субъектісіне қатысты деректер өзгерген немесе кез келген деректер алынған күннен бастап 15 күн ішінде кредиттік бюроны қарыз алушы туралы мәліметтердің өзгергені туралы хабардар етеді және кредиттік бюро кредиттік есепте кредиттің «оңалтылған» мәртебесін көрсетуді қамтамасыз етеді.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz