FinGramota Online

Халықтың ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен қаржы реттеушісінің қызметі, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылы үшін ыңғайлы құрал

Өтініштер бөлімдері

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Қаржылық қызметтерді алу кезінде тұтынушылар құқықтарының бұзылуы. Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру ұйымдарының, зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығының, микроқаржы ұйымдарының қызметтерін алуды жоспарлап не пайдаланып отырған тұтынушылардың құқықтарына байланысты мәселелер бойынша консультациялар алу

Банктерде қызмет көрсету

ЕДБ қызметі, банктің конфиденциалды ақпаратты ашуға қатысты ҚР заңнамасын сақтамау, банктің ұсынылатын банктік қызметтер туралы ақпаратты ашуы, банктің клиенттерге консультация беруі бойынша, банктік салым шарттарын жасаумен жұмыс істеу, банктердің клиенттердің өтініштерін қарауы бойынша жалпы сұрақтар

Ипотекалық кредиттер

Кредиттеу, қарызды қайта қаржыландыру, кепілді және кепілсіз кредиттеу, қарызды өтеу бойынша жалпы сұрақтар, төлемге қабілетсіз ипотекалық қарыз алушылармен жұмыс

Тұтынушылық кредиттер

Кредиттеу, ЕДБ және МҚҰ алынған қарыздар мен микрокредиттерді өтеу бойынша жалпы сұрақтар, төлемге қабілетсіз қарыз алушылармен жұмыс

Депозиттер бойынша кепілдіктер беру

Қазақстан Республикасында депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуі жөніндегі мәселелер: кепілдік беру объектілерінің тізбесі, жеке тұлғалардың теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемнің ең жоғары сомасы, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары банктердің тізбесі, кепілдік берілген өтем төлеу тәртібі және төлеу мерзімдері, кепілдік берілген өтем алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі және т.с. Сұрақтарға жауаптарды «ҚДКҚ» АҚ береді. Осы сұрақтар бойынша қосымша ақпаратты жұмыс уақыты кезінде Қордың 8 800 080 10 20 жедел желісінің телефоны бойынша алуға болады (қоңырау шалу тегін).

Бағалы қағаздар нарығы

Қор нарығының, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздар эмитенттерінің қызметі бойынша жалпы сұрақтар, сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын және мүдделерін қорғау

Сақтандыру

Сақтандыру ұйымдарының қызметі бойынша, міндетті, ерікті және басқа да сақтандыру түрлері бойынша жалпы сұрақтар, сақтандыру қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі бойынша жалпы сұрақтар (ломбардтар, кредиттік серіктестіктер, МҚҰ)

Қаржы пирамидалары және қаржылық алаяқтық

Алаяқтық әрекеттерінің және/немесе қаржы пирамидаларының белгілері ұйымдардың қызметі туралы мәселелер: күмәнді белсенділігі, өте жоғары кірістілікке уәде беріп азаматтардың қаражатын тарту, бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындамау және басқалары. Бұл бөлімде сіз өзіңіз тап болған алаяқтық схемалары туралы, әлеуметтік желілердегі, онлайн-топтардағы күмәнді сілтемелер, аккаунттар туралы және өзге де алаяқтық фактілері, оның ішінде қаржы пирамидаларының құрылуы және басқалары туралы хабарлай аласыз.

Коллекторлық агенттіктердің қызметі

Коллекторлық агенттіктердің қызметі бойынша жалпы сұрақтар; екінші деңгейдегі банктерден және микроқаржы ұйымдарынан қарыз алған коллекторлық агенттіктер мен борышкерлердің іс-қимылы

Зейнетақы жүйесі

ҚР зейнетақы жүйесі туралы жалпы сұрақтар, мемлекеттен базалық және ортақ зейнетақы және БЖЗҚ-дағы жинақ ақша (міндетті, міндетті кәсіби және ерікті зейнетақы жарналары), ҚР зейнетақы заңнамасы, зейнетақыны жоспарлау және ресімдеу бойынша консультация беру, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру, зейнетақы төлемдерін алу, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару

Төлемдер мен аударымдар

Банктік шотты ашпай, төлем карточкасын пайдалана отырып, сондай-ақ халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы банктік шоттан ақша төлемдері мен аударымдарын жүргізу шарттары мен тәртібіне қатысты сұрақтар

Жұмыспен қамту

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде жұмыспен қамтуға және ЖОО студенттерінің практикадан өтуіне байланысты сұрақтар

Өзге де сұрақтар

Мұнда жоғарыда көрсетілген бөлімдерде қамтылмаған сұрақтар қоя аласыз

Видеогалерея

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Қазақстанда сот орындаушыларының қандай шоттардан ақшаны шешіп алуларына құқығы жоқ?

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша ...

Коллекторлық агенттіктердің қызметі

Ешқандай қарызым болмаса да, мені коллекторлардың әрекеттері мазалайды. Мен өз құқығымды қорғау үшін қайда жүгіне аламын?

Сіз Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз, оны пошта арқылы немесе курьермен, оның ішінде Өңірлік ...

Өзге де сұрақтар

«Оңалтылған» мәртебесін алуға болатынын оқыдым. 90 күннен астам төлем мерзімін кешіктіргенмін. Қазір жұмыс істеймін, тұрақты жалақым бар, кредит ресімдегім келеді. Бұл мәртебені қалай алуға болады?

№ 53 қаулыға сәйкес кредиттік бюро «оңалтылған» мәртебесін мынадай талаптарды сақтаған кезде, бұрын мерзімі 90 күннен астам кешіктірілген кредитке ...

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz